Асүйлік гаджеттер. Менің рейтингім

Асүйлік гаджеттер. Менің рейтингім
жеке
блог

 

10 орын:

Таңғы асқа жұмыртқа пісіруге арналған гаджеттер.


Тәрелкеңізде керемет пейзаж болсын десеңіз, дәл сізге керек нәрсе. Жұмыртқаны бұлт және күн сияқты әдемі етіп пішіндеп береді. Осындай сәнді жеуге де қимайсың бір жағынан.

Құқық қорғау саласында істейтін ағаңызға не бауырыңызға осындай істеуге болады, әйтпесе, басқа адамдардың тәбетін ашқаннан бұрын қаштыратын сияқты бұл нәрсе.

Немесе кішкентай ұл балаларға да ұнауы мүмкін "пистолет-жұмыртқа" деп.

9 орын:

Лимонды спрей. Өте ыңғайлы нәрсе сияқты. Лимонды екі бөліп шырынын сығып жатудың қажеті жоқ, тек құрылғыны лимонға тығып, мысалы, салатқа себе бересіз.

     

8 орын:

Қорқынышты пышақ органайзерлері

   

7 орын: 

Жемістерге арналған ваза. Дастарханда өте әдемі көрінетін сияқты. 

Бананға арналған органайзер. 

6 орын:


Жапон, қытай мейрамханаларына алып баратын шанышқы. Таяқшалармен жеп қиналмай-ақ қоюға болады.

Итальяндық мейрамханаға алып баратын шанышқы. Паста түсе береді деп қорықпайсыз. 

 

 

5 орын:

Картоп аршығанды жақсы көретін адамды көрген жоқпын, сондықтан бұл құрылғы бәріне ұнайды деп ойлаймын.

 

4 орын:

Авокадо және қауын немесе асқабақ кескіштері

   

 

3 орын:

Келіннің көмекшілері

Келін шай беретін жас келіндерге таптырмас сыйлық.  

Қайта-қайта шәйнек көтеріп қолдары шаршамайды. 

Көбі қара және көк шай ішеді. Екі шәйнек қоймай, біреуіне екі түрлі шай құясыз. 

  

2 орын:

Пиццаға арналған кесу құралдары.

   

 

1 орын:

Тамақ істегенде қолын жиі кесіп алатын адамдарға арналған таптырмас кесу құралдары.

   

 

Instagram @Gourmania

 Ал сіздерге қайсылары ұнады, дауыс берейік!?