Массагеттік достарыма

Сәлем, массагеттегі достарым! Біз 7 маусым күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін The Spirit Of Tengri фестиваліне қызу дайындық үстіндеміз. 

Бұл фестивальға этникалық музыка иелері Жапония, Австрия, Түркия т.б. елдерден келмек. 

Жақында Трэш Метал (Thrash Metal) жанрында әлемнің үздік ондығына кіретін топ Soulfy-дің концертінде жарты саған бойы ән орындадық. Бұл жайында Нұржан Тойшы берген сұхбатта кеңінен айтылған. Концерт сөз жоқ керемет өтті. Аңызға айналған топ өздерінің биік кәсіби маман екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Жалпы, жаңалығымыз осы )))

Соңғы концерттерден сіздерге фото ұсынайын. 

Істеріңізге сәттілік тілеймін! 



Бөлісу: