Жаңсақ пікір ме?
жеке
блог

Жаңсақ пікір ме?

  Дүниетану, тарих, биология сабақтарында "Адам - маймылдан жаралған" деген Дарвин ілімі бойынша оқытады.Алла тағаланың күллі ғаламды алты күнде жаратқандығын, байтақ жерді мекен тұтуға Адам атаны және оның ұрпақтарын жаратуды ойлап, оны іске асырғанын қайда қоймақпыз?Ежелден келе жатқан асыл дініміздің айнасы Құран Кәрімде жазылған қымбат қазыналарды қайдағы бір шет елдің ғалымының ойлап тапқанымен қалайша алмастырамыз?"Адам - маймылдан жаралған" сондай тұрпайы естілсе де, қазіргі бүлдіршіндер осы ілімді оқып, жадына тоқып жатыр.Жаңадан бой түзеп келе жатқан ел баласы үшін бұл нағыз сананың улануы.Қандай өкінішті...

  "Тәуелсіз ел болып,тіліміз бен дініміз қайта тірілді" деп көлгірсиміз.Сонда билік басындағы аға-апаларымыз қайда қарап отыр?Оқулықтарымыз сапасыз, оқушыларымыз шала сауатты болуының себебі неде?