«Қазақ тіліне флектив әліпби емес,үндестік әліпби керек»
жеке
блог

«Қазақ тіліне флектив әліпби емес,үндестік әліпби керек»

Лингвистикалық сұқбат 5

  •   Секе, сіздің қолайлы емле турасындағы мақалаңызбен таныспын. Сол жайында оқырманға ұқтыра әңгімелесеңіз.
  • Ол жоба мынадан туындады. 2000 жылдардан бастап, мен де латын қарпымен ауырғандардың бірімін. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Құдайберген Жұбановтың еңбегімен таныса жүріп, кәзіргі әліпбидің қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтінін аңдадым.Қазақ тілін қолайлы емлемен қамту үшін оған табиғатына сай сыйпатты әліпби керектігіне көзім жетті. Қазақ тілінің жазу тарихында оған барынша сәйкестеу болған – ежелгі түркі Орхон-Енесей жазбасының тұрғысы (принципі). Әлем тілдері негізінен үш  түрлі сыйпатқа топталған: флектив (үншең) тілдер – индоебропалық тілдер жатады; агглютинатив (буыншаң) тілдер – бұлардың ішінде түркі тілдері бар; корневой (түбіршең)тілдер – қытай тілі жатады.

Кәзіргі кирилше әліпби флектив тілдер тұрғысына негізделген: әр фонемаға – бір таңба принципі көзделген. Бұл тұрғы негізінен орыс тілі секілдіүншең тілдерге мейлінше сәйкесетін әліпби жасақтауға қолайлы. Флектив  тілдердің басты белсенді лексикалық бірлігі – үнше (фонема), сондықтан ондай тілдерді жазу үшін әрбір үншені таңбалауға тура келеді. Оңтүстік-шығыстағы жұрттардың көпшілігі түбіршең тіл қалыптастырған: тілдің белсенді бірлігі – түбірсөз болып табылады, оны идеограммамен (иероглиф) таңбалау қолайлы. Ал, қазақ тілі флектив емес, буыншаң, агглютинатив (жалғанбалы) тілдерге жатады. Сондықтан мұндай буыншаң тілдерді жазуда дыбысшаң-флектив тілдерге тән әрбір үншені таңбалау тиімсіз.

Дәл сондай жағымсыз да күрделі мәселе бүгінгі қазақ тілінің жазымында аяқ алып жүргісіз болып отыр. Қазақ тілі флектив сыйпатты орыс тілінің тұрғысына негізделген әліпби тұтынуға мәжбүрленген. Тілбілім саласының тұңғыш қазақ профессоры Құдайберген Жұбанов қазақ тіліне сингармо (үндестік) әліпби қажеттігін мәселе етіп қойған еді. Сол мәселе күн тәртібінен түскен емес, өкінішке орай, тілімізге барынша тән әліпбиге тәуекел етпей отырмыз.

Ежелгі Орхон жазындыларында бас-аяғы төрт дауысты таңбаланса, қатар түскен дауыссыздар арасындағы дауысты дыбыстардың қандай екені буынның айтылуына қарай анықталады, және де негізінен буыншақ (микрослог) таңбаланған; яғни басы артық таңба жоқ, тілдің үйлесім заңына негізделген тұрғы бар! Бірақ мен мұны танудан бұрын, тіліміздегі Ы/І дыбыстарының табиғатын зерделеу арқылы кәзіргі әліпби жүйесінің өгей екенін аңдадым.

Бұл Ы мен І дыбыстары тек қана дауысты қысаң дыбыстар емес, сондай-ақ, сөздегі буынды жуандатуға (жіңішкертуге) қатысатын, яғни, Үндестік заңын жүзеге асыртатын бірден бір үншелер (фонема) болып табылады.Жазғанда қазақ сөздерін сонша ішектей шұбалтып жүрген  де осы екі дыбыс. Бұлардың бұл міндетін ішінара Ұ,Ү дыбыстары да атқарады. Бұлар өзге дауыссыздарға былайша қосарлану арқылы буыншақтар түзе отырып, сөздегі буынды жуандатады не жіңішкертеді:

 

         Енді осы заңдылықты мына сөздердің жазылуына салып бақылайық:

қы+а+лы+а = қалакі+ө+ші+е = көше;

А+ыл+мы+а+ыт+ы = Алматы;ы+сы+ры+а+ып = ысырап. Мұндағы көше, Алматы сөздерін кәдімгідей, ал«ысырап» сөзін қысқартып жазуға болады:ысрап. Өйткені, «ыс» буынынан кейін [Ы] дыбысы жазсаң да, жазбасаң да дыбысталады, бұл – үндестік заңының көрінісі. Сөйтіп, сингармо яғни буыншаң әліпби құрылымында әдеттегі флектив әліпбидегідей дыбыстың атауы емес, дауысты үншелермен бірге, дауыссыз дыбыстардың Ы/І қысаңдарымен қосарланған буыншақтарын келтіруге тура келеді.

 

Сұхбаттың жалғасы бар.