ЖАЛҒЫЗ
жеке
блог

ЖАЛҒЫЗ

ЖАЛҒЫЗ

                                   «Он звал ее именем Бога..»
                                                      О.Сулейменов
                    «Сен жалғыз едің,
                      Мен жалғыз едім..»

                                                Автор

Жалғыздықтың жағына құйғым келген қорғасын,
(Тәлейімде бағымнан,о,неліктен сор басым?!)
Анасы жоқ Әлемнің-
Тәңір жалғыз болғасын.
Шарасы жоқ адамның-
өмір жалғыз болғасын.

Жалғыз еді Тәңірдің мың бір түйір тасы да,
Жалғыз еді ең соңғы қонатын бақ басыңа.
Жалғыз еді Жер шары.. Жалғыз еді о бастан-
Ару-Айы мәңгілік жүргенімен қасында (?)

Жалғызым деп атадың,Өзің жалғыз болғасын,
Жалғызым деп атадым, Сезім жалғыз болғасын.
Тәңір-Жалғыз,
ендеше, есіміміз Тәңірдің.
Қос Жалғыздың есімін Тәңір өзі қолдасын,
Қос Жалғыздың шешімін Тәңір өзі қолдасын(?)..

 ваа

Бүгін Көгершіннің мерекесі.. "Жалғыз" Көгершін құттықтаймын...