Оқырмандарға рақмет

Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз, құрметті оқырмандар! Бабалар сақтап қалған жеріміздің берекесі ғұмырлы болсын!

Сайтымызбен бірге болып, шаңырағымыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

Бүгін әдеттегідей аяқталғалы отырған аптаға қорытынды жасаймыз.

Бұл аптаның ерекшлігі сол – сіздердің, яғни, оқырмандардың сайтымызға жіберген мақалалары өте көп болды. Сол жазбалардың ішінен біз ең үздік дегендерін іріктеп, жарияладық. Жолданған бұл материалдар көпшіліктің де көңілінен шықты деген үміттеміз. Алдағы уақытта да еш ұялмай, қысылмай қағазға түсірген еңбектеріңіз бар болса, жолдаңыздар. Ол үшін сайттың оң жақ бөлігіндені "Материал жіберу" батырмасын бассаңыз болғаны.

Өздеріңіз байқандарыңыздай 9 мамыр мерекесіне орай шағын арнайы жобамызды да іске асырып жатырмыз. "9 мамыр" айдарында осы күнге жетуге себепші болған тұлғалар, оқиғалар туралы біле аласыздар.

Олай болса, дәстүр бойынша осы аптадағы жаңалықтар мен жазбалармен таныстырамыз:

Париждегі Эйфель мұнарасы (Эйфелева башня) салынар тұста, оған француз халқы қарсы болған. Тіпті, атақты француз жазушысы Ги де Мопассан оны «құбыжық қаңқаға» теңеген. Биыл 179 жасқа келген қария: "Мен осыншама көп жасап келемін, тіпті, шөберемнің де өлгенін көрдім», - дейді. Пекиндегі метроның ұзындығы шамамен Атырау-Орал тас жолының ара-қашықтығындай. Массагет сайты сайт жасау сабағын бастады Емтиханға аз уақыт қалса, дайындықты қиын сабақтардан бастаған жөн. Аяқты арықтатуды ішетін асты реттеуден бастау керек Криштиану Роналдудың есімі жазылған футболкалардан түскен қаржы кей клубтардың түсіретін табысынан жоғары. Бауыржан Момышұлы Чапаевқа еліктеген Сәтсіздіктерден қашып құтылу мүмкін емес. Бұл – өмірдегі ұстаздарымыз. Оларды жақсы көрейік. ҰБТ-ға Қазақ тілі пәнінен дайындалғанда жауап жаттап алудың пайдасы жоқ. Табыстың кілті – сенімділік. Бауыржан Момышұлы "үлкен ұлын" өзі үйлендірген Ерлердің жалақысы әйелдерінікінен екі есе жоғары болуы керек 88 жастағы ардагер танкпен оқ атып, нысаны дәл атып түсірді

 

Мерекеле тағы да құтты болсын дейміз! Массагет әрқашан сіздермен бірге!



Бөлісу: