Жалған хабар емес, ақиқат

Жалған хабар емес, ақиқат
жеке
блог

Айналаңызға бір қараңызшы? Мына ғаламда не болмай жатыр... . Жахандану, адам баласы ой өрісінің даму тездігі шектен шығып кеткендей. Біз ойлап көрмеген, ойлауға санамыз жетпеген жаңалықтар апта сайын емес күн сайын қосарланып қосылып жатыр. Не қуанарыңды, не қорқарыңды білмей дал боласың... .

Бұл хабардың таралуы адам баласының мәңгілікті жаратуға деген құштарлығының сатысы тағы бір басқышқа көртерілгендігінің дәлеліндей. Әлемнің бір бұрышындағы дизайнер «гарантия»сы 1000 жылдық аяқ киім ойлап тауыпты. Жалған хабар емес, ақиқат!!!

Лента.ру таратқан бұл хабар төмендегіше: «Британиялық дизайнердің айтуы бойынша өзі жасап шығарған аяқ киім егесіне мың жылға дейін қызымет етеді. Ол бұл аяқ киімнің негізгі бөлігіне күміс және тот баспайтын болатты пайдаланған. Шеллистің айтуынша бұл аяқ киім әлемдегі ең ұзақ киуге шымдамдысы, сонымен бірге ең қолайлысы да екен. Сол үшін де аяқ киім 1600 АҚШ долларына бағаланыпты.»

Қуанайық, енді біз аяқ киімге деген қажеттіліктен құтылатын боламыз. Біз киген аяқ киім ұрпағымызға жетіп жатыр емеспе, ... .

Дегенмен мәңгілік тек Аллаға ғана тән, бізге мәңгілік ештеңе берілмеген емес пе еді? Жахандану деп шектен шығып бара жатқандаймыз... . Сол үшін де Жаратқаннан берілген ескертулер жыл санап көбейіп, жиілеп келеді. Әлемнің бір бұрышындағы әтештің ішінен «ақырзаман белгісі» табылыпты. Жалған хабар емес, ақиқат!!!

Day.Az дың Anspress баспасы берген мәлімет төмендегіші: «Әзербайжанның Сумгайите қаласындағы Г.З. Тагиева ауылында жасаушы бір жанұя таңғажайып құбылыстың куәсі болды. Бұл сәт тек қана жанұя мүшелерін емес, көптеген адамдарды да таңарқатты.

Отбасы қожайыны сойылған әтештің ішін тазалау уақытында әтеш ішінен адам эмбрионына ұқсаған тірі нәрсе шыққан. Тек қана оның адамзатқа не жан жануарға тән екендігі арнайы мамандар тексеруінен соң жарияланатын болады. Не болса да бұл эмбрионның әтеш ішінен шыққандығы таңқалдырады. Ауыл ақсақалдарының пайымдауынша бұл ақырзаманның жақындауынан дәлелет береді екен. Діни ғұлама Фуад Панахлида бұны жоққа шағармады. Әтеш ішінен шыққан тіршілік иесі тышқан эмбрионы болуыда мүмкін деген болжамда бар»... .

Бүгінше әлем халқы көз тіккен, еріксіз жаға ұстатқан соңғы хабарлар легі осындай... . Ертеңді күтейік тағы не болар екен... .