Ерлерге арналған тест: Қызғаныш деңгейі

Ерлерге арналған тест: Қызғаныш деңгейі
жеке
блог

"Қызғанамын, сендегі әсем сезімді тәтті,
Қызғанамын, өзге түгіл өзімнен қатты" — Төреғали Төреәлінің осы әнін тыңдап көрген едіңіз бе? Расымен, өзімізден де қатты сүйетін адамымызды барлығымыз қызғанамыз. Бірақ, не нәрсенің де шегі барын есте сақтаған жөн.Қызғаныш — жалпы адам баласына тән қасиет. Бірі — шын сезімнің белгісі десе, бірі — жәй ғана өзімшілдік деп біледі. Қыздардың қызғанғаны әдеттегі жағдай деп қаралса, жігіттердің қызғанышы бірден туындамаса да, арты жаман болуы мүмкін. Себебі, ер адам жүрген жерде төбелес көбірек туындайды. Өзіңіздің қызғаншақтық деңгейіңізді анықтап көргіңіз келе ме? Ендеше, мына тесттен өтіңіз, Бірер минутыңызды ғана алады. 
P.S Жарыңыз дегенді қызыңыз дегенмен ауыстыра берсеңіз болады)) Рас айтамын, бұл қызық!

1. Жарыңыз телефонмен сөйлесіп отыр:

А. Сіз дереу кіммен сөйлесіп отырғанын сұрайсыз;

Б. Сөйлесіп болғанын күтесіз;

В. Еш мән берместен, өз шаруаларыңызды тындыра бересіз;

2. Сіз бүгін үйде қонбайсыз:

А. Жарыңыз осыны пайдаланып, қыдырып кетуі мүмкін деп ойлағаннан мазасызданасыз;

Б. Бір жерге барып келсең болады деп рұқсат етесіз;

В. Сіз тіпті еш нәрсені ойламай-ақ кете бересіз

З. Пошта жәшігіне жарыңызға хат келді. Ашасыз ба?

A. Жоқ;

Б. Есеп қағаздары немесе құжаттар болса ғана;

B. Ашамын;
4. Сүйіктіңіздің өткені туралы не ойлайсыз?

А. Сізге дейін кездескен адамдары туралы көп толғанып, ызаңыз келеді;

Б. Сіз үшін олар маңызды емес;

В. Ешқашан ойлап көрмедіңіз;

5. Жарыңыз қалың ой үстінде:

А. Сіз туралы ойлап отырса, қуанышты болар едіңіз;

Б. Сіздің білгініңіз келеді. Мүмкін басқа нәрсе ойлап отырған шығар?

В. Онымен басыңызды қатырмайсыз;

6. Жарыңыз сізден алыстап бара жатқандай көрінеді:

A. Уақыт өте келе орнына келеді;

Б. Сіздің қатысыңыз бар ма, жоқ па — анықтайсыз;

B. Оны аңдуды бастайсыз: телефонын тексеріп, жолын бағасыз;

7. Отырыста сүйгеніңіз біреумен сөйлесіп тұр:

A. Мән бермейсіз;

Б. Доғаруға әмір етесіз;

B. Ештеңе етпейсіз, бірақ келесіде көбірек көңіл бөлу керектігін ойланасыз;

8.Қызғанғанына қалай қарайсыз?

А. Күлкіңіз келеді;

Б. Сізге бұл ұнайды;

В. Бір қылықтарыңыз әшкереленіп қалмас па деп уайымдайсыз;

Тест нәтижесі:

Өз баллыңызды есептеңіз:

1. А — З, Б — 2, В — 1;

2. А — 3, Б — 2, В — 1;

З. А — 1, Б — 2, В — 3;

4. А — 3, Б — 2, В — 1;

5. А — 2, Б — 3, В — 1;

6. А — 1, Б — 2, В — 3;

7. А — 1, Б — 3, В — 2;

8. А — 1, Б — 2, В — 3.

8-13 балл: Сіз ұсақ заттарға мән бермейсіз. Немесе сіз жарыңызға қатты сенгендіктен, сізді ештеңе алаңдатпайды. Бірақ, есіңізде болсын, осылай жүре берсеңіз, жарыңыз сізге бәрі бір деп ойлап, ренжіп қалуы мүмкін.
14-18 балл: Сіз қызғанасыз, бірақ алтын аралықты жақсы білесіз. Барлығын өз мөлшерінде қолдана білесіз.

19-24 балл: Сіздің қасыңызда Отеллоның өзі «ойнамай» қалады. Тым әсершілсіз. Абайламасаңыз, шаңырағыңызда ыдыстың сылдыра жиі естілуі ғажап емес. Сондықтан, сабырға келіңіз!

Ал, ер-жігіттер, нәтиже қалай боп жатыр? Қызғаншақтық деңгейіңізге қаншалықты баға бересіз? Үздік қызғаншақ бестікті не ондықты шығарып көрелік! Тағы айтарым: Қыздар, қызғандырмай ғана тыныш жүрейік! )))