Туған күн ерекше күн әрбір жанға...
жеке
блог

Туған күн ерекше күн әрбір жанға...

Көктемнің жүрекке нұр сыйлаған айлары Массагетіміз үшін қуанышты сәттерге толы болуда! Әрдайым солай болсын дейміз!

Сондай ерекше күндердің бірі бүгін болып отыр. Себебі, Массагетімізде алдына жан салмайтын әріптесіміз, үнемі алға жетелеп, көңілді жүретін, қажет болған сәтте әрқайсымызға қамқор бола білетін Ардақтың туған күні!

 

Қымбатты Ардақ! Сізді өмір атты ұзақ жолда аялдап отырған 25-ші көктеміңізбен құттықтаймыз! Әрдайым денсаулығыңыз мықты болып, бір сәт тоқтап артқа қараған кезде еш өкінбейтін мәнді де мағыналы өмірдің иесі болыңыз. Жаныңызда жүрегіңізге жақын  Анарадай жарыңыз, туған-туысқандарыңыз, сыйлай білетін адал достарыңыз жүрсін!

Алдыңызда қандай қамал кездессе де, жеңе білетініңізге сенімдіміз! Әрдайым нағыз ер жігітке тән қасиетіңізден таймай, біздер үшін үлгі болып жүре беріңіз!

ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!