Ақша табу оңай ма?
жеке
блог

Ақша табу оңай ма?

Әр қашан базардың, жетім бұрыштың қасынан өткен кезде осы жерде тұрған кісілерді аяп өтем. Әсіресе қыста, бір сағатқа базар аралауға барғанның өзіне қатып-үсіп келетін мен үшін бұл кісіліредің күні бойы тұруы ерлік. Мүкін, сіз оларды оңай ақшаның жолын табушылар, еріншектер, білмейм тағы басқалай да ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, олардың жан-дүниесіне, қажеттілігін ойлап көрдіңіз бе?... 

Бірінші болып Алматыдағы "Жетім бұрышқа" жолым түсті. Бүгін демалыс күні болғандықтан да адам өте көп, квартира жалға беруші де, іздеуші де көп...

Балғабек, 67 жас. Күн жылы кездері жұма, сенбі, жексенбі күндері келем бұл жерге. Басқа күндері адам аз. Өзім, пенсияға шыққалы осы жердемін қосымша ақша болсын, әрі үйде отыра алмағандықтан осы жерге шықтым, айына 60-70 мың теңге табам, әрі пенсиям бар. Күніне әр қалай табам, негізі маклердің бір клиентке үй табуға көмектескен ақысы 3 000 теңге, бірақ небір қаракөз жастар "ақшамыз жоқ" деген кезде тегін көмектесуге тырысам, бірақ кейді өкінетін кездерім болады, алдап кететіндер тіпті ұрып кетуге дайын жастар болып тұрады....

Девальвациядан кейін жалға беретін квартиралар ақысы түсті, себебі қазір жаз әрі арзан болса болды қала сыртынан болса да жалдап тұруға тырысады. Көбі дайын, барлық жағдайы бар бірақ арзан квартира іздейді, кейде жүрегің ауырады квартира іздейтіндердің көбі қазақтар....

                          

Мария апа, 65 жас. Мені суретке түсірме, бірақ білгің келгеннің бәрін айтып берейін. Онсыз да милиция, журналистер күніне келіп түсіріп кетеді бізді.

Бұл жерде отырған маклерлердің ішінде салық төлеп, заңды отырған бес қана маклердің бірімін, барлық қағазым заңды. Медеу ауданында арнайы оқу жұмыстарын оқып келдім "не істеуге болады, не істемеу керек. Қандай салықты не үшін төлейді" бізге бәрін үйретті. Осы жерде отырғаныма айына 5000 теңге заңды салығын төлеп тұрам, сондықтан мені милиция келіп мына орнымнан қуа алмайды. Жақында ИП ашам, сол кезде командировкаға келгендерге документті өзім жасап беретін жағдайға жетем. Айына 90 000-150 000 ға шейін ақша табам, қыздарымды оқытуым керек, жағдайларын жасауым керек сол үшін отырмын.

Пенсияға шыққан адамдарды қазір еш жерге алмайды, осылай күн көруге тура келеді. Әр өз квартираларымды күнделікті жалға өткізіп отырам, сондықтан мен бұл жерге күнде келем. Басында бәрінің жағдайына қарап көмектесетінмін, бірақ көп алдандым. Сондықтан қазір ақшасын көрсеткен кезде ғана жұмыс жасаймын. Өзіңе-өзің мықты болмасаң, бұл бизнесте сені ұрып-соғып кететіндер жиі кездеседі. Қыста қиын, көп ауырам қайтем бірақ өмір солай...

Мұрат, 32 жаста. Күніне 2-3 мотор не коробка ашып жасап шығам. Оларға ақшаны жақсы төлейді, бірақ жұмысы да ауыр. 8 жылдан бері бәрін үйреніп алғасын, жұмыс ауырлығын ұмытып кетесің. Клиентке айтқан ақшаның тең жартысын өзім алам, табысым жақсы десем де болады, күніне аз дегенде 10-20 мың арасында табам. Көбіне табыс сол демалыс күндері болады. Қыста енді қиындау, суық күнде машинаның астына жату аздап қиын.

Бай десең бай тауып берем, дұғалап бер десең дұғалап берем, қарата алмаған қызыңды аяғыңа жығып берем.

Күніне әр қалай табам, бірақ саған айтпаймын. Мен жақсы табам, мен өзімнің жағдайымды ана дискы сатқан әйелден жақсы санаймын. Әрі маған милиция тиіспейді, себебі олардың өзі менің клиентім. Әрі маған қарап "қазақтың апалары сіз сияқты болса, киміңіздің өзі үлгі аларлық" деп мақтап кететіндер көп.

Гарантия? Берем, екі күннің ішінде өздері келіп рахметтерін айтып, ақыларын екі-үш есе қылып тастап кетеді. Мені адамдар жақсы көреді. 

Апа, 78 жаста. Еее, қарағым, балам арақ ішпесе осы жерде отырар ма едім?... Құры қайыр сұраудан ұялып салмақ өлшегіш қойып сонымен отырмын, күнделікті шәй-тұзыма жетеді. Бұлай етпеске амал жоқ, әйтпесе маған ақшаны кім әкеп береді?...

(апамен ары қарай сөйлесе алмадым, аналарын осылай отырғызып қойып өздері арақ ішіп, елдің алдында көпір әңгіме айтатын жігіттерді атып тастар ма еді, мүмкін мен тым қатыгезбін...) 

Мен әр кісімен сөйлесіп жүрген кезде милиция автобусы келді. Сыртта заңсыз сауда жасап жүргеннің бәрі саудаларын жинап, қайыр тілеп отырғандар орындарынан кетіп қалды. Ұстап үлгергендерін апарып автобусқа отырғызып жатты... 

Орындары бос қалды, демек олар әлі де осы орындарына оралады... 

Жақында статистика агенттігі Алматыда орташа жалақы 140 000 нан жоғары деп есеп берді, егер осы есеп рас болса базар жағалаған жұрт бұндай көп болмас па еді?... Кім білсін?...