7 құндылық

7 құндылық
жеке
блог

Қымбатты отандастар!

Біздер қазақстандықтар- бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр-

бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Бабаларымыздың арманы.

егеменді дамудың 22жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар- уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.

Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

 Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді  еселедік.

  Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына "Қазақстан-2050"жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, "Мәңгілік ел" патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.

  Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Cтратегиясының басты мақсатқа жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын.

   Әсіресе жастарымызға мынаны айтамын.Бұл Стратегия сіздерге арналған.

   Оны жүзеге асыратын да жемісін көретін де сіздер.Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа атсалысыңыздар! Немқұрайлы қарамаңыздар!

   Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!