UIB-де өткен Наурыз мейрамы

UIB-де өткен Наурыз мейрамы
жеке
блог

1Өткен сенбі күні UIB университетінде Наурыз мерекесі болып өтті. Биылғы жылы қазақ елінің төл мейрамы Наурызды UIB университетінің  студенттері мен мұғалімдері ұжымдасып, бірлесе ұйымдастырды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымдастырушылар қонақтарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, көңілдерінен шығуға барын салды.

Университетіміздің жыл сайынғы салты бойынша, осы күні бір жылда атқарылған студенттердің жұмыстарына қорытынды жасалды. Мысалы, биылғы жыл - UIB университеті жанындағы пікірсайыс клубының республикалық жарыста жеңімпаз атануымен, болашақ журналистеріміздің Алматы және Мәскеу қалаларындағы БҰҰ-ның Моделіне қатысуменен есте қалды. UIB студенттерінің жетістігі ретінде олардың Қазақстан КВН Жоғарғы Лигасы мен «Универсиада Аруы» секілді беделді телебағдарламаларға қатысқанын айта кетуіміз керек.

Мерекелік шарада мол дастархан жайылып, түрлі қызықты қойылымдар қойылып, халық билері мен әндері орындалды. 

Халықаралық  Бизнес  Университетінің  ректоры  Марчин Душински болып өткен іс-шара жөнінде: «Біздің Университетіміздің  студенттері мен қызметкерлері көп ұлтты және де бұл жерде түрлі ұлт өкілдері бірлік пен шаттықта білім алып жатыр. Наурыз—ұлт достастығын күшейтетін мейрам болып саналады»,-деп пікірін білдірді.