◄◄ Біз білетін "үш тұлға"... ►►

◄◄ Біз білетін "үш тұлға"... ►►
жеке
блог

◄◄ Біз білетін "үш тұлға"... ►►

●•●• Көздің жауын алып тұрған төмендегі суреттің өзіне тиесілі иелерін мына жұрт бесенеден біліп қойған. Қалың аламанның ішінен "білмеймінге" салып жатқандар болса, қуана-қуана атап өтуге әзірмін. Қазақ жастарының озық ойлы, әрі өрелі көшбасшылығында жүрген бұл төрелерді танымау бір тараптан алғанда "ұят" , бір жағынан "әбестікке" санар едім.Кешегі сал-сері деп атойлап салған Біржан мен намысқа жүйрік Ақандай , дала кезген Сегіздей серілердің бүгінгі жалғасы алдарыңыздағы "үш тұлға" екені белгілі. Бірі біліп, бірі білмес, мақтап айтатын да, мақтанып айтатын да бұл жігіттердің қыры орасан. Дегенмен, халық білген, жұрт ұнатқан тұсынан бастау - менің әдеттегі "позициям" болсын.

●•●• Қолын иегіне қойып жымия күлген алғашқы кейіпкерімізді құдды бір депутатқа ұқсатқан боларсыздар?! Иә, расыменде солай. Бұл жігіт Астана қалалық жастар мәслихатының депутаты, онымен қоса Республикалық деңгейде маңызы бар "Алтын белгі" иегерлері қауымдастығының алтын төрағасы атанып жүрген - Ендібай Мағжан есімді өрен. Жастар арасындағы ең беделді, ең шығармашыл, ең белсенді, ең танымал ұлан десек артық айтпағанымыз. Өзінің азаматтық тұлғасын жастайынан қалыптастыра білген Мағжанды қазірде танымайтын жас, сәлемін бермейтін ересек те жоқ, сірә. Саяси көзқарастарымен және көзтартарлық шапшаңдығымен үлкен сыйластыққа ие болған дамушы сері. Мұның бәрі - Мағжанның талаптанған көрінісінен туған дүниелер. Басқасын былай қойып, жеке қасиеттерін талқыламайтын ару-қыздар да кеміп барады. Мінезі - тік, досқа - адал, тіс қайраған дұшпанға - қаталдық таныта білетін кешегі Махамбеттің ізі іспетті. "Поэзия" десе ішкен асын жерге қоятын, ал ол өлең оқығанда бүткіл жамағатты аузына қарататын нағыз қазақы шығарма иесі. Спортқа да жаны бейім. Ірі дауысты, ірі денелі бұл кісіні спорт саласында жүрген ағайындар да танып жататынын білеміз. Мағжан десе - Жұмабаев, одан соң Ендібай елестейтіндей тарихта орны қалар алып "үш тұлғаның" бірі - осы жігіт. 

●•●• Қайратын қайраған, от ауызды, орақ тілді ақиық ақын бауырларымыздың бірі - Жандарбек Жұман десе мыңдаған оқырмандар алып ұшатын XXI ғасырдың үлкен дарабозы. Қазіргі жұрт "екінші Мұқағали" есімін беріп үлгергені қашан. Керемет лирикалық, нәзік үнді қара өлеңдерімен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралатқан осы бір жігітті танымау үлкен "қателік" болушы еді. Ағымдағы күннің асқар биігі, ертеңгі күннің "Хакімі" атану жолында аз еңбек атқарып жатқан жоқ. Дәл осы уақытқа дейін "Өлең - ғұмыр " делінген қара сөзге төселген өлеңдер жинағын шығарып та қойған. "Жас" деп танау көтергендердің барлығына шын таланттың айқын күшін ерекше дәлелдей білген жас ақындарымыздың озығы. Біреуге - "ақын", ал біреуге - "дос". Халық сыйлайтын тұсы да осы. "Жәкең" деп сыйлағанның барлығын құшақ жая қарсы алып, дәм тұзын аямаған адал дос. Ауыл топырағында аунап өскен қара торы Жандарбектің қазақы мінезі қазіргі заман жастарына нағыз үлгі боларлық тәрбие. Адамзат ғазауаты саналатұғын "харам" заттардан әрқашан бойын ада ұстайтын, мінезі - жайсаң, ақкөңілді - Жұман Жандарбек. 

●•●• Индияның : "Джимми пой" деген сөзін жаттап өскен біздерге таңсық емес жаңа кейіпкердің пайда болғанын барша жұрт білер. Той- томалақ, кеш-қуаныштың барлығында : "Асанбай, ән шырқап жіберші" деген сөздерден құлағы тынбайтын жайдарлы жігіт Асанбай Ақментаев жайлы әңгіме мүлдем өзгеше өрілуі тиіс. Алғашында өзбек әндері, кейін Заттыбек, ал қазір Асанбай болып шырқалатын той әндерінің көпшілігі осы жігітті мақтап әлек. Биле десе билетіп, көңіл шіркінді босат деп те ән өнерімен ерекше тіл табыса білетін бұл сері жігітті Қазақстан кеңістігінде танымайтын пенде аз шығар. Өзі білім алып жүрген Еуразия ұлттық университетінде "Бриллиант дауыс" , ал Алаш жұртшылығына жалпы айтқанда теңдессіз дауыс иесі екені мәлім. Жігіттік мінез, тұлғалық қасиет, шығармашыл дауыс, бәрі бәрі өзіне жарасып-ақ тұрғандай. Халық берген бедел- абыройына қарамастан өзінің қарапайым да қазақы мінезін сақтап жүргені үшін мен ғана емес, мыңдаған тыңдармандар да келісері сөзсіз. Асекең ән шырқағанда ұйып қалған жұрт ән біткенде жаңа туылғандай сезімге бөленері рас. Бұл тұрғыдан алып қарағанда жүрекпен ән шырқайтан Мейрамбекке ұқсатады көбі. Асанбай Ақментаев - XXI ғасырдағы талабы мен таланты ұштасқан ер мінезді әншісі. 

●•●• Ең белсенді, әрі абыройлы тұлға - Мәкең деп, ақиық ақын, екінші Мұқағали - Жәкең деп, теңдессіз дауыс иесі - Асекең деп үш нар тұлғаның басын бір жазбаға сыйдырдым. Үш серіні де байланыстыратын - шынайы достық мен болашаққа деген нық сенім. Тарихта қалар "үш тұлға" , мархабат достар !

© Сағым Матқали

мақала ♛ Сағым Матқали | Ойтүрткі ✔ парақшасынан алынған. http://vk.com/sagymmatkaly