Мен кеше қатты таңқалдым.......

Мен кеше қатты таңқалдым.......
жеке
блог

Ренжіп, жаман ойлап қалмаңыздар мен кеше шынымен – «Шымкентте неге тумадым» деп айттым :)!

Кезекті демалыстың бірі, жиен келінім Шымқаладан, ол жақтың сал-дәстүрді қатал ұстанатындығын естігенім болмаса көрген емеспін, бірақ әркез солай дұрыс, салт-дәстүрді ұстануға тырысамын. Біз жақтың адамдары, соның ішінде біздің әулет тым қатал, әлде современный ма, (Алматы облысы) қуып кеткен деп айтып отыратынмын.  Әңгімелесіп әрнені бір айтып отырып баяғы сол қыз алып қашу, тұрмыс құру,  танымаған жерде басып алып қалса қалу, келіннің түскеннен кейінгі қызметтері дегендерді сөз еттік.  Мені таңдандырған сол қыздардың батылдығы, қалған жерде балдай батқан көнбістігі, төзімділігі. Кейін айтып отырғанға сондай бір естелік, қызық оқиғалары (әрине бәрі жақсы болып кетсе). Келінімнің әңгімесінен: сіңілісі 18 жасында тұрмысқа шығам деп, ата – анасын жігітімен таныстырады, келінім үлкен болғандықтан оның алднан өтеді (үлкенге құрмет, бізде сұрамайды),  18 жаста тұрмыс құрады. Неткен батылдық 18 жаста әке – шешеге мен тұрмыс құрамын деу (маған қатты ұнады). Басқаларды білмеймін дәл біздің әулетімізде мен сол жасымда солай айтсам - не то,что тұрмысқа шығам – жігітім бар деп айтып көр, сол жерде тірі қалмайтын  шығармын, дереу  шектеу қойып, ол жігітті ұмытар едім! Алдымен мынаны, мынаны жаса, мынаны суйт-былай буйт,  сосын уақыты келгенде тиесің дейтін еді.  18 жас не құдай-ау олар 23 ке келгенде тағы 1*2 жыл жүре тұр дейді, жассың ғой қайда асығасың?!. Мен сияқты басқа сіңлілерім де, қазір солай тыңдап жүр жігіттері болса да.  Сосын 25 тен асқан соң қашан шығасыңдар, бәрің жүріп алдыңдар ғой , тойға қашан барамыз - дейді. Ал, алып қашты ма сені, біздікілер ештемеге қарамайды ол жас сондай бұндай, қайтарып әкеліп алады – бір жағынан бұл дұрыс деп ойлаймын келісімсіз барса. Бізде бәрі сызып қойған сызықпен жүру керек, одан шығып кетсең елдің бәріне сүйкімсіз боласың!

28-ге келіп, өздерінің қашан тиесің деген сөзінен құтылу үшін тұрмысқа шығамын дегенді әрең айтқан маған,құдашамдыкі ерлік болып көрінді. Сіздерге қалай білмеймін.

Қатты таңданған соң ойларыңызды білгім келіп блог жаздым.