Асхана Парижде & Жаңа өрмекші адам 2
блог
Бір аптада екі жаңа киноға барып үлгердім. Маған күні бойы кино көрсетіп қойса жалықпайм жалпы :).
Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат/Новый Человек-паук: Высокое напряжение
Нағыз комиксты және романтиканы ұнататын жігіттерге арналған керемет туынды. Әрі батырлықтан, әрі қыздардың жүрегін жаулаудан сабақ алуға болады. Бірақ, енді сізде ол сияқты мүмкіндік жоқ екенін ұмытпаңыз.
Питер Паркер ненің жаман ненің жақсы екенін ажырататын, әрі кейде ұлы істер үшін бір нәрседен бас тарту керек екенін білетін кезеңін суреттейтін бұл бөлімде Питерге көп сырдың беті ашылады.
Өз махаббатымен әуре боп жүрген өрмекші адам жаңа жауы мен өз досының жауы боп шыққанын білмей қалады. Қызының әкесіне берген уадесімен қызын тастап кетуді ойлап жүрегі ауырып жүрген кезде ол әкесі жайлы құпияның бетін ашады.
Жауының бар артықшылығы тоқ жинау қасиеті, Электра өзінің жәй ғана қызғанышының кесірінен өрмекші адамды құртуды ойлайды.
Кейде адамға көңіл (внимание) жетіспеген кезде ол өз ішінде жаман құбыжықты тәрбиелеп жатқанын білмейді, ол құбыжық мүмкін өмір бойы шықпауы да бірақ шыққан кезде ол адамнан өте сақ болу керектігін ескерткендей...
Маған ұнағаны "Өрмекші адам 2" нің қазақша аудармасы, аудармада кемшіліктер болса да өрмекші адамның жасына сай дауыстың дұрыс таңдалуы, әрі еркелігін жақсы бере білген. Эмма Стоунның әдемілігіне тәнті болдым. Әрі әдемі, әрі қылықты, әрі батыл.
Берер бағам 7/10. Аудармаға 5/10. Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10.
Асхана Парижде/ Кухня в Париже
Өзіміз 31- арнадан көріп жүрген "Кухня" сериалының бір бөлігі, жалғасы десе де болады. Соңғы кезде маған орыс киноларын актрелары мен авторларымен бірге көру сәнге айналды :). Алдында Сергей Светлаковпен "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы" көріп ем, бұл жол "Асхана Парижде" киносын Дмитрий Назаровпен көрдім.
Кино- асхана мен махаббат туралы. Тура Вика мен Максимнің үйлену тойы күні ресторан бастығы Франция мен Ресейдің президенттерінің түскі астарын өз ресторанында өткізуді ойлайды. Үйленуге қорқып жүрген Максим үшін бұл табылмайтын сылтау болады, бұны білген Вика екеуі екіге айырылысып тынады... Асханадағы кикілжіңнің салдарынан кездесу сәтсіз өтіп, президент ресторанды жапқызып тастайды. Мәскеудегі ресторандарын жауып тастаған соң, бастықтары Парижден жаңа ресторан ашатынын айтып бәрін сонда барып қызмет істеуге шақырады...
Бар қызық, бар романтика, бар сезім, әке мен баланың өмір бойы айтылмаған сырлары сізді әдемі романтика мен күлкіге бөлейді.
Берер бағам 8/10.
Екі кино екі елде, екі әлемде түсірілсе де сізді әдемі романтикаға бөлеп сізді басқа әлемге жетелейді. Шым-шытырыққа толы өмірдің бар қызығы мен мәні махабатта екеніне көзіңізді жеткізгіңіз келсе осы екі киноға баруыңызға кеңес берем!