Жақсы оқудың сыры

Жақсы оқудың сыры
жеке
блог

 Мерей «5» сыныпқа дейін оқу озаты болып келді.

    Бір күні оның ата-анасы «біздің баламыз жақсы оқып келеді, енді оған компьютер алып берейік, бір пайдасы тиер» деген оймен оған компьютер алып береді. Оған қатты қызыққан Мерей сабақ оқуға уақыт қалдырмады. Сондықтан да соңғы кезде оның сабағы мүлдем нашарлап кетеді.

   Бір-екі жыл өтеді. Сабақ уақыты еді. Мұғалім бірде

  -Мерей жақсы оқып келе жатыр,-деді. Сонда Мереймен көршілес партада отыратын Мәди:

   -Апай оның үйіндегі компьютер бұзылып қалған,-дейді. Шындығында да бұдан бір-екі ай бұрын Мерейдің компьютері бұзылып жарамсыз болып қалған еді.

   Оқиғаның мән-жайын түсінген мұғалім компьютердің пайдасымен бірге, онымен тым көп әуестенудің қаншалықты зияндылығы туралы Мерейді мысалға келтіре отырып әңгімеледі. Бұдан кейін компьютері бар оқушылардың біразы ойланып қалды.

 

                                                                                                                               Сырымбет Несібелі