Жауынгердің жазбасы...

  Ассалаумағалейкум  Массагет  ауылының қадірлі  тұрғындары  яғни  тұрақты  қолданушылары мен  оқырмандары!!!  Қалдеріңіз  қалай, жалпы амансыздарма? Сіздермен  қайта  қауышқаныма бек  қуаныштымын!!! Осыдан  бір жыл  бұрын  мені әскерге  шығарып  салып  едіңіздерғой  естеріңіздерме, міне  бір  жылда  көзді  ашып  жұмғанша  өте  шықты.Сіздермен  қайта  жүздескеніме  қуаныштымын...Алла  сәтін  салып  Отан алдындағы  азаматтық борышымды, адал  антыммен  адал  атқарып  келіп  қайтадан  сіздердің  араларыңызға  қосылып  отырған  жайым бар.Әскери  өмір  қызық  әрі  қатал. Көрген  түстей  боп  қалсада,  көз  алдыннаң  қасындағы  қарулас достарынмен қиындықты  бірге  көріп,бір қазаннаң  ас жеп, бір  казармада  бірге тұрып, талай  қуанышпен  қайғыны бірге  бөліскен, бірге сапқа  тұрған Отан  алдындағы  борышынды  бірге  өткерген аз  ғана уақыт  ішінде айнымас  адал  достарға  айналып   үлгерген достармен  қоштасуда  оңай  болмады. Үйренісіп қалады  екенсің.Сағынасын, кезіңдегі қызық  оқиғалар  есіңе  түссе  езуіңе  күлкі  үйіріледі.Йә  бұлда  бір өткен  шақтан  қалған  тәтті  естелітер, мәңгі  ұмытылмайтыңы сөзсіз...


  Армия – өмір  мектебі! Рас, әскерде  жүргенде  кішкене  бостаңдықтың   қадірің  түсінесің,ең  бастысы еліңді  қорғайтың   азамат  болып  шығасың, асылдық  айтқаным  емес басымнаң  өткені, көкейге  түйгенім.Біреулер айтады қазіргі армия  детсад деп, мүмкін  әркім  әртүрлі қабылдайтын шығар, өзіңше  түсінетің шығар , бірақ, менімше олай  емес  мемлекет  бар  жағдайды  жасаған тек  оқып – үйрену  білікті  жауыңгер  болу  сенің  басты міндетін!

 

  Әскерде  болғанымда  Массагетті  ұмытқаным  жоқ  тіркеліп  кірмесемде  сырттай  бақылап , терезесінең сығалап  не жаңалық  болып жатыр екен, нендей  қызықты  блогтар жазылып  жатыр  екен деп  ұялы  телефоныма  тыным  бермей қарап отырушы  едім. Міне  ол  күндерде  артта қалды ...Массагетте  жаңа қолданушылар мен  жаңа  блоггерлер  көбейіп жатыр , жазған блогтарыда  жап  жақсы тамаша!Сол  белсенді қолданушылардың  ішінең Айшок Балтахаева  тәтемнің  блог жазбаларың көп  оқыдым, әзілің қосып әдемі  етіп   жап    жақсы  жазады.Айтпақшы  сіздердің  хаттарыңызды  оқыдым  , әскерде  жүргенде  телефоннаң, оқып  қуанып  мәз  боп қалдым, рақмет  сіздерге  алғысым  шексіз! Басқа  не  айтайың  әліде   кездесеміз,  блогтар  жазып  тұрамын, аман  болыңыздар!!!



Бөлісу: