Қызықтырған кәсіп немесe кинолог болғым келеді

Қызықтырған кәсіп немесe кинолог  болғым келеді
жеке
блог

Кинология - ит өсіру туралы ғылым. Кинолог - иттерді  дайындайтын арнайы мамандар. Кинологтарды  дайындайтын арнайы  оқу орны  болмағанымен,  қызығушылық  танытып,  қазірде  сүйікті кәсібіне айналдырған жандар  жоқ емес.  Кинологтың  жұмысымен танысу  үшін  қолыма фотоаппарат алып,  құрбыммен     Орталық аймақтық айромобильділік  жедел – құтқару  жасағына аттандық.

Бізді  осы аталмыш мекеменң бастығы Дәуітов Омархан  аға күтіп  алды.  Біз барамыз дегенше, қалада төтенше жағдай орын алып, негізгі кейіпкеріміз сонда аттанып кеткен екен.  Ол кісі келгенше бізге Омархан ағай ғимарат ішімен таныстырып, аздаған оқу- жаттығуларын  үйретті.  

                    

"Біздерде мынадай бар, мынадай бар..."

Жігіттер жүрген  жерден мынадай ғажапты көреміз деп кім ойлаған?

Кинолог келді. Бұл – Марышев Андрей Николаевич.  Кинолог қызметінің  атқарушы жетекшісі ( ГУ ЦРАОСО МЧС РК).  Жанындағы  досы – Паул. Неміс  офчаркасы. Андрейдің екінші көмекшісі, тұңғышын "пенсияға" жібергенмін дейді. 

 

  Белгілі бір  режиммен  жұмыс  жасап үйренген ит түскі уақыт  болысымен  иесін сырт жаққа, жаттығу алаңына  сүйреді

 

 

Ақылды итке "Стоп" десең алдыңғы аяғын көтеріп,   тоқтай қалады.

Паулді сынамақшы  болдық. 

 

Тапсырма берілді. Ол құстай  ұшты.

Берілген тапсырма -мына  жерге жасырынған затты табу

 

Тапсырма орындалды. Зат табылды. Паул мәз!

"Иттердің  көру қабілетінен иіс сезу  қабілеті артығырақ. Жалпы, иттің  тұмсығындағы иіс сезу торшалары  230 миллион. Ал адамдарда  небәрі 10 миллион. Егер арнайы маманданған  адамдар мен  тумысынан иіс  сезу  қабілеті бар адамдар  бірнеше  жүз иісті ажырататын  болса , иттер жарты миллион иісті  оңай ажыратады екен. ХХІ ғасыр техниканың қарыштап дамыған кезеңі  болса да, осы күнге дейін  иісті иттен де жақсы сезетін ешбір құрал ойлап табылмаған. Сондықтан да  іздестіру - құтқару қызметінде иттердің қызметі  оразан зор,"- дейді Андрей.