Массагеттен оқуға болатын қызықты жазбалар

Қайырлы күн, құрметті сайтымыздың оқырмандары. Бүгін аяқталып жатқан аптаға шолу жасап, Массагет ұжымының келер аптадағы жоспарлары туралы айтамыз.

Өздеріңіз білетіндей сайтымыздың контент-менеджерлері (журналистері) барынша сіздерге пайдалы ақпаратпен бөлісуге тырысады.

Біздің ұжым осы аптада да сіздердің қалауларыңызды дөп басып табуға тырысып жұмыс істеді.

Айгерім Сматуллаева бастаған, Мейіржан Әуелхан мен Қарлыға Бүйенбайдан тұратын топ осы аптада ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылар үшін

Ұлттық тестілеу орталығының директорымен онлайн-конференция ұйымдастырды.

Бұл сұхбатқа 40-қа жуық оқырманымыз қатысып өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

Одан бөлек:

Ата-ана мен мектеп түлегінің арасындағы қарым-қатынас туралы ҰБТ-ға дұрыс дайындалудың жолдары туралы айтты. "ҰБТ-ға барма" деп үгіттеп жүрген мұғалімдердің ісінің дұрыс-бұрыстығы туралы әңгіме болды. Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетіне шолу жасалды.

Ардақ Құлтай мен Анар Мұстафина тізгінін ұстаған Мәдениет пен Бастаңғы айдарларында да көптеген қызықты жазбалар болды. Солардың ішінде:

Талантты суретші Аңсаған Мұстафаның тушьпен салған туындылары Үйде отырып көруге болатын фильмдердің тізімі бар. Кинотеатрда өзін қалай ұстау керек екендігін білгісі келетіндер үшін қарапайым әдеп ережелері айтылды. Қарлыға Бүйенбай қазақ тілінде прокатқа шығып жатқан "Өрмекші адам: Кернеген қуат" фильміне шолу жасады.

Нәзік жанды аруларымызға арналып:

Жігітпен жүрмеудің артықшылықтары туралы баян етілді. Орамжапырақ бәлішінің рецептісі ұсынылды. 45 секундта әзірленетін бутербродтың рецептісі стопшоушн форматында көрсетілді.

Айгерім Сматуллаева тізгінін ұстаған Әлемтану айдарында әлемнің түкпір-түкпіріндегі қызықтар туралы айтылды. Соның ішінде:

ҚазҰУ студенті Фариза Калимурзинаның Индонезия аралдарындағы сапары туралы репортажды Тастағы тарихи таңбалар туралы қызықты материалды айтпай кетуге болмайды.

Болат Қосмағамбет тізгінін ұстаған "Техно" айдарында:

Интернет-браузерлерді дұрыс таңдау жөніндегі кеңестерді оқыдыңыздар OnePlus One смартфоныны туралы ақпарат алдыңыздар

Өмірбек Сансызбай Спорт айдарында да қызықты ақпараттарды оперативті түрде беріп отырды:

Чемпиондар лигасының жартылай финалының нәтижелерімен Кеше аяқталған Софияда өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты туралы ақпараттармен бөлістік.

Мейіржан Әуелханның I-дос айдарында:

"YouTube" сайтынан видеоны тез әрі оңай жүктеп алудың жолы Презентацияны ерекше қылып жасаудың жолы "Windows 7" жүйесін қазақшалаудың жолы видедәріс түрінде үйретілді.

Әдебиет айдарында:

Қасым Қайсеновке арналған өлеңдерді ұсындық. Айта кетейік, Қасым атамыз тірі болса, 23 сәуір күні 96 жасқа келер еді. Сонымен қатар, ақын Қабдеш Жұмаділовты туған күнімен құттықтадық. Қалбан Ынтыханұлының қара юмор бағытында жазған Ақсақ орындық атты әңгімесі ерекше айтып өтуге тұрарлық.

 

 

Әлбетте бұлардан бөлек жарияланған қызықты ақпараттар өте көп болды. Осы қарқынды алдағы аптада да жалғастыратын боламыз.

Егер біздің сайттан оқығыңыз келетін нәрселер бар болса, еш ұялмай төмендегі пікір білдіру алаңына жазып бізге айтыңыздар. Біз ешкімнің өтінішін жерде қалдырмаймыз. Барлыңызға жауап береміз.

Олай болса, құрметті оқырман, Массагет сайтынан алыстамаңыздар. Массагет барлық қызықты ақпараттар мен жаңалықтарды бірінші болып назарларыңызға ұсынып отыру үшін барын салатын болады.



Бөлісу: