Қазақтың Фаризасы

Қазақтың Фаризасы
жеке
блог

Қыздарға жыр жазатын анасыз сіз,

Өлшенбес сыры терең данасыз сіз.

“Қазақтың Фаризасы” деген атпен

Төсінде тарих-таудың қаласыз сіз.

 

Қазақтың ар-намысы біз емес пе,

Қашаннан халық көркі қыз емес пе?

Ендеше сол қыздарға үлгі берер

Шыңдағы шынар тұлға сіз емес пе.

 

Халықтың киесі ғой ақын деген,

Өр мінез, нәзік сезім, батыл дер ем.

Кейде мұң, кейде шаттық-жырларыңыз

Қыздардың жүрегіне жақын неден?

 

Кейде мұң, кейде найза-жанарыңыз,

Жүзіңіз- жапан сынды даланы күз.

Басқаға ұқсамайды күлкіңіз де,

Әрине, бере алмаймыз бағаны біз.

 

Тазарып Сізден ұшқан нұрдан жаным,

Тал бойым бір суынып, бір жанғаным.

Жасқанып, жақсы көріп өзіңізді

Апатай, Сізге осы жырды арнадым!