менің таңдаған мамандығым
жеке
блог

менің таңдаған мамандығым

Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп

Ер өлседе еңбегіңді ел өлтірмес

Неше мың жыл өтседе тарих білмек

деп С.Торайғыров айтқандай, дүние есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы, дүниетанымы, көзқарасы, арманы болады. Әр адамға жауапты кезең бұл мамандық таңдау. Өз мамандығыңды таңдап, сол бағытта оқып жұмыс істегенге не жетсін. Ол арманға жеткенде бар жетпегенде бар. ''Думанды өмірден өз сыбағаңды алып қал артыңа келер ұрпаққа өнеге боларлық із қалдыр''. Адамдық атыңа кір келтірме демекші, ''жер беті'' деп аталған алып сарайдың берік қабырғасына болашаққа ескерткіш боларлық кірпіш калап, өз қолтаңбаңды қалдыру әр кімнің арманы болар сірә? Сол арманға менде жетсем деймін. Бір білерім адам өмірде тек қолы жетпес дүниені армандайды екен, бірақ ол белестерді оқу еңбек арқылы бағындыруға болады. Армансыз адам ормансыз бұлбұл демекші, сол сияқты меніңде ойлаған арманым, көздеген мұратым, жетем деген мақсатым бар. Өмірде өмірің мен өнеріңді бәйге ге тігіп білек сыбана кірісер мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Мен таңдаған '' журналистика'' мамандығы көп салада жұмыс атқарады. Соның ішіндегі менің таңдаған салам телеарна тілшісі болу. Қай мамандықтың болсын оңайы жоққой. Журналистке ең маңыздысы, жылдамдық, сауаттылық және халықтың көңілінен шығатын бағдарлама дайындау. Толстой айтқандай ''өмірде бір-ақ шүбәсіз бақыт бар: ол- ғұмырыңды өзгелер үшін арнау, өзге ге жәрдемі тиер бағдарлама ашу. XXI ғасыр біліктілер мен білімділер ғасыры ғой, сол ғасырға менде өз үлесімді қоссам деймін. Мен өмірде өзім үшін емес өзгелер үшін шарапаты тиер іс атқарсам сонда ғана өзгелердің ақ тілегі мені биікке жетелейтініне сенемін. Асу бермес асу жоқ.