Марафоннан кейін...
жеке
блог

Марафоннан кейін...

Марафоннан кейін... Біреу білсе, біреу білмес. Кеше Алматы қаласында марафон өтті. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа қатысушылар саны да жыл өткен сайын артып келеді. Әр түрлі қашықтықта бақ сынаған марафоншылар өз өнерлерін көрсетіп бақты.

Жұрттан қалмай ерте тұрып мен де жүгіруге шықтым. Біздікі – командалық экиден деген сыны. Жалпы жаман болған жоқ. Бір сергіп, көңіл-күй көтеріліп қалды. Арнайы бірдей жейделерімз де болды. Ал мен марафоншы емес, футболшыға ұқсап қалғандаймын... 

2012 жылдан бері бастау алған «Алматы марафоны» халықаралық марафон және жүгіру ассоциациясының құрамына кіріп, атақты Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен бір деңгейге көтерілуге талпыныс жасауда. Бұл да бізді қуантарлық дүние. Өзге елдерден келіп те қатысып жатқандар бар екен.

Бірден марафонға дайындықсыз қатысуға болмайды. Бүгінгі ақпараттарға сүйенсек, 17 адам жедел жәрдем көмегіне жүгініпті. Ал бесеуі ауруханаға жеткізілсе, біреуі жан сақтау бөліміне түсіпті. Денсаулықтың маңызды екенін ескеретін болсақ, соңына дейін жетемін жанды қинаудан гөрі жүгіруді тоқтатқан абзалырақ.

Сонымен дайындалып жүрген «Алматы марафоны» да өте шықты. Бірнеше апта жүгіріп жүргеннен кейін бе, әйтеуір ауырсыну аса байқалған жоқ. Ал massaget.kz оқырмандарынан қатысқандар бар ма екен? Қатыссаңыздар, марафоннан кейінгі жағдайларыңыз қалай?