Сол жалғыз шырақ!
жеке
блог

Сол жалғыз шырақ!

БҰл жерде өмір жайлы сыр айтылған. Өмірді біріне-бірі қарама-қарсы тұратын екі түс: "АҚ" әне "Қара" деп ажыратамыз. Жақсылық пен жамандық, бақыт пен қиындық тәрізді. Сол сәтте жаныңа дем беретін бір сәуле болады. Ол ҮМІТ.

Шырақтарыңыз мәңгі жансын ағайын. 

Сол жалғыз шырақ

Самал жел есіп,

Самал жел есіп,

Есіп тұр кешкі қалада.

Ақ үйдің көркі,

Ақ үйдің көркі, 

Жанып тұр шырақ далада.

Желменен билеп,

Жердегі сурет

Боялып ақ пен қараға.

Болғандай шипа,

Болғандай дәру

Жүректе қансыз жараға.

 

Сол, жалғыз шырақ,

Сол жалғыз шырақ,

Жылулық беріп жаныма.

Сәулесін төгіп,

Мұңымды сөгіп,

Отырғызды-ау тағына.

Сол, жалғыз шырақ,

Сол жалғыз шырақ,

Түсіріп қарғыбауына.

Ұшарға қанат,

Көңілге жәннәт,

Қуандым шырақ барына.