Сырым Әуезхан - 2.000.000 теңге қанжығалады!

Сырым Әуезхан - 2.000.000 теңге қанжығалады!
жеке
блог

Жас ақын - СЫРЫМ ӘУЕЗХАН бас жүлде алды!!!
Талдықорған қаласында өткен Республикалық "Бір халық, бір ел, бір тағдыр" атты ақындар айтысына Жандарбек Бұлғақ, Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Рүстем Қайыртай, Серікзат Дүйсенғазы, Дидар Қами, Саадат Нұрманов, Бекарыс Нұриман, Сырым Әуезхан, Арзыгүл Қайымбекқызы сынды ақындар қатысты.

Бас жүлде: Сырым Әуезхан ( 2 миллион теңге)
Бірінші орын: Жандарбек Бұлғақов (1,5 миллион теңге) 
Екінші орын: Дидар Қамиев (1 миллион теңге) 
Үшінші орын: Балғынбек Имашев (750 мың теңге)
Үшінші орын: Арзыгүл Қайымбекқызы ( 750 мың теңге)
Және осы айтысқа қатысқан ақындардың әрқайсысына 500 000 теңгеден сыйлық жасалды.

Сырым Әуезханның бір қайырымы:

...Қартаймайын десең де, өмір көнбес,

Иманды адам қарттыққа әрін бермес.

Жаратқаннан шынымен жарлық келсе,

Жан бар ма уақытында жанын бермес.

Білімнің аздығынан шығар пенде,

Ғұмырдың жас кезінде мәнін көрмес.

Пенсияға шыққан соң жығылам деп,

Жас кезде қалып қоймайық тәлімнен кеш.

Өйткені қартайғанда қиын болар.

Қимыл мен қозғалысқа тәнің көнбес.

Басыңды құбылаға бұру түгіл,

Мәсіңді киюге де әлің келмес.

Ертерек қамданайық – бар ақылым.

Жан болып тура жолды табатұғын.

Өйткені сауап деген бірі емес қой,

Ай сайын өзі келер жалақының.

Намаз – билет, ал жұмақ – концерт емес,

Қалаған адам өзі баратұғын.

Ертерек билет алып үлгермесең,

Кірерде сатып ала салатұғын...