Студенттік қызықтар!
жеке
блог

Студенттік қызықтар!

Студенттік өмірдің қызықтары шетелдік телехикаялардың сүйікті тақырыбына айналғанына біраз уақыт болған. Отандық «Нархоз» комедиялық телехикаясында да  осы өзекті мәселе қозғалған.
Мамандықты меңгерудегі алғашқы қадам, оқуға берілу, алғашқы махаббат, өмірді түсіну- осының барлығы кейіпкерлердің мінез-құлықтарын білуде және сюжеттік желіс үшін қызықты материал.
 
Басты кейіпкер – Данат үлкен қалаға алғаш келген ауыл баласы. Келе салып көптеген қиындықтармен соқтығысады: үлкен қаланың қарбалас өмірі, жатақханадағы жаңа достар, компьютердің қыр-сырымен танысу. Және университетке келе салып Данат бір қызға ғашық болады. Айсана – сұлу, сабағын жақсы оқитын, Жастар ісі бойынша комитеттің төрайымы. Осы кезде Данаттың белсенділігін университет басшылары да байқап, Данат еркінен тыс сүйген қызына қарсылас болып шыға келеді. 
Дәріске бару немесе қызбен кездесу- қайсысы маңыздырақ? Осы сұрақтардың жауабын 17 жасар кейіпкерлерге күнде іздеуге тура келеді!

Кейіпкерлердің өмірлік тәжірибелерінің жоқтығынан, қызбалыққа салынуларынан көптеген күлкілі де, түсінбеушілік жағдайлар туындайды. Тілге шеберлердің көптігінен, телехикая әзілдерге толы. 
Жақында студенттік өмірдің қызықтары, ду күлкі, сессия алдындағы қобалжу және басқа да жан толғаныстары 31 арна көрермендеріне ұсынылады!