Шын ғашықтар қосылсын!
жеке
блог

Шын ғашықтар қосылсын!

Достар! Біз махаббат күнін ардақтау үшін 15 сәуір арнайы жобасын бастаған едік.

Бұл күні дүниедегі барша ғашық жан бір-біріне деген ыстық лебізін білдіріп, әлем махаббат нұрына бөленеді. Махаббат таңы атып, бүгінгінің Қозы Көрпештері мен Баян Сұлуларының бар екені тағы бір мәрте дәлелденеді. 

Күлімдеп атқан күн де, дірілдеп аққан жұлдыз да махаббат тарихынан сыр шертеді. Бұл күні бар әлем іштен тынып, махаббат әніне құлақ түреді.

Барлық жанның жүрегі дір етіп, сезім отына күйгені рас. Тіпті, күллі дүниені аяғының астына таптаған мыңдаған сарбазы бар қатыгез патшалар сезімнің алдында шарасыз қалған. Ешкімге бас имейтін тәкаппар сұлу арулар жүрегінің айтқанынан шыға алмай, сүйіктісі үшін жанын құрбан еткен. 

Ендеше, осы бір айтулы күні біз тек Ғашықтардың әнін шырқаймыз!

Барлық жанға ыстық махаббат, жылы жүрек тілейміз. Жүректеріңізден төгілген сезімнің ғұмыры ұзақ болсын!

Шын ғашықтар қосылсын!

Құрметпен: "Массагет" ұжымы