Біраз өзім туралы)

Біраз өзім туралы)
жеке
блог

Сәлеметсіңдер ме?!

Есімім - Дана))
Массагетке келгелі көп уақыт өткен жоқ) Жазып жатқан алғашқы блогым)

Мен, Қостанай облысының, Қостанай қаласында тұрамын. Жасым, 18-де, 3-ші курс студентімін) (колледж)

Жалпы, ұнататын нәрселерім көп!)) РОК, Жапондық Рок пен Корей ПОП музыкасын тыңдаймын, сурет салуды ұнатамын(аниме стилінде)... өте өте ұнататын нәрселерім)

Болашақта рок-жұлдызы болуды армандаймын!) Және арманым асу үшін қолымнан келгенін барлығын жасаймын))))

Массагет туралы қалай білгенімді айтып жіберейін: "23.09.13" осы күні, MASSAGET ENTERTAINMENT "ВКОНТАКТЕ" әлеуметтік желісіндегі топқа(парақшаға) админ боламын деп, админдердің біреуіне хабарлама жібердім... осы кезден менің өмірім өзгерді деуге болады))... Осы топ, к-поп туралы ең ауқымды қазақша парақша болатын)
Ол кезде, басқа парақшамен отырған болатынмын, есімім, Митсуко Одзава болатын, кейін, Дана Пакқа ауыстырғанмын) (негізі, фамилиям - Мынжасарова, Пак қылып, ауыстырғанымның себебі, ВК-дағы 2-ші парақшам еді)...
23.09.2013 осы күннен бастап, Қазақстанның, к-поп жанкүйерлерімен таныстым)) Бос уақытымды, массагет интертайнменке арнағаныма өкінбеймін де) Танысқан адамдармен әліде хабарласып тұрамыз: Маулен, Ерке, Энни, Мадлен, Даулет, Ардақ, Балнура, Ляззат, Сауле, Динара және Жакош)))...
Міне,  осылайша массагет.кз туралы да білдім)

Группалас қыздарым да, массагет сайтына кіріп, қызық қызық нәрселерді оқиды екен))
Көргенде қуандым)
...

Өзім туралы көп айтуды ұнатпайтын адаммын)) Осымен, болды))
Ерінбей оқығаңдарыңызға рахмет))