Өлең саған өкпелі....

Өлең саған өкпелі....
жеке
блог

Менде сен деп мұң құшпадым,көріктім,

Сенде маған көз қиығын салмадың.

Қанша мәрте ашып жатты өрік гүл,

Қанша мәрте бармағымды шайнадым?

 

Өлең түгіл өз басымды ұмыттым,

Батып кетіп бокал толы сыраға.

Серілікпен қанша қызды жылыттым

Бірақ бәрі мұң сыйлады мұраға.

 

Жоңғар ұлы Жұматайдан кейінгі,

Кенежирен мінбесе де келісті.

Тура біздің эрамызға дейінгі,

Ғұн бабамның қызыменен өбістім.

 

Міз бақпайтын мінезіңмен алдияр,

Жүрегіме жебе қадап кеткенің.

Әртарапқа алып ұшса сал қиял

Өзім емес, өлең саған өкпелі.

 

Сенде маған қас кермедің "ар ма" деп,

Ләйлә сенің, тіпті, туған әпкеңдей.

Арамызды электрони хаттарменен жалғап ек,

Ол да бітті маған "атақ" ап бермей.

 

Жерің шалғай Тарланкөгім тасырқап,

Брар едім ұлысыңа сені іздей.

Жеткенімде құлар ма едім ашырқап,

Балтырыңды сүйген сұлу теңізге.

 

Тарланкөк. Тай кезінен біргемін... Он жасар ат болды.