Бала мен ана болашағына арналған сенім телефоны
жеке
блог

Бала мен ана болашағына арналған сенім телефоны

Аялдамадағы алақандай жарнамаға көзім түсті. Осы "сенім телефондары қалай жұмыс істейді?" деген ой келді, әрі денсаулықты, болашақ өмірді осындай бір телефонға қалай тапсырасың? Олар расымен бірнәрсеге көмектесе ала ма? Телефонның ар жағындағы адамдар кім деген ой келді. Балаларды қорғау, туберкулез, ЖИҚТ мен ауыратын адамдарға көмек көрсетеміз деген сенім телефондарын жиі байқаймын. Осы сенім телефондарына адамдар хабарласа ма екен? 

Звондадым, сөйлестім. Әрине өздеріңіз суреттен көріп тұрғандай "аяғым ауыр" екенін айттым, жасымның 20 да екенін қоса кеттім. Ол кісі менің "аяғымның ауыр екеніне" сенімі аз болды ғой деймін, маған жақсы түсіндіре алмады. Әлде менің сөзім басқалай өрбіген болуы керек, өзімнің журналист екенімді мойындадым. Кездесіп, ол кісілердің жұмыстары жайлы толық білгім келетінін айтып кездесуге жазылдым. 

2013 жылғы статистика бойынша суицид жасаған жастардың ішінде 13- 19 жас аралығындағы жастардың 60% пайызы жас қыздар. Ал олардың "неге өздеріне қол жұмсады?" деген сұрақпен барлық әйелдер мен балаларды қорғау орталықтарына хабарласқанымда олар тек: "жанұя жағдайына" байланысты деп жауап бергенімен де көбі "ол жастағы қыздардың көбі жүкті болғаннан кейін, өздеріне қол жұмсайды. Не ата-аналарына айта алмайды не жасанды түсік жасатуға қаражат таппағаннан ең дұрыс шешім сол деп ойлап соған барады" деп жауап берді. 

Бүгін сенім телефонындағы "Жоспарланбаған жүктілік" орталығының директоры Бубнова Татьяна кездесуге бардым. Орталықтың қалай жұмыс жасауы мені қызықтырды. Татьянаны достарымен Қазақстандағы жасанды түсік жасатқандардың көптігі және оған көбіне 15 жасар қыздардың баратындығы толғандырып, осы орталықты ашуға итермелеген. Олар сенім телефондары арқылы, интернет арқылы және мектептер мен колледждерде, университеттерді "сәбидің даму жолы, оны босану, бағу" жайлы арнайы сабақтары арқылы көмек қолдарын созған. 

Орталықтың ашылғанына бір жарым жыл уақыт болды, осы уақыт ішінде бізге жетпістен астам жастар хабарласып көмек сұрады. Бірақ, өкінішке орай көбі басында "қалай, қай жерде жасанды түсік жасатуға болады?" деп сұрайды. Бізге хабарласқан жастарды басым көпшілігің жасы 15 пен 25 жас. Біз оларға жасанды түсіктің тығырықтан шығар жол емес екенін түсіндіреміз. Кездесуге шақырамыз, психолог, гинеколог мамандардың көмегін ұсынып бізбен бірге жұмыс жасайтын медициналық орталықтарға жібереміз. "Ана үйі" орталығында бала 1,5 жасқа келгенше тегін тұра алатын үймен қамтамасыз етеміз. Ол жерде олар тегін көмек ала алады. Біздің басты мақсатымыз ана мен баланың өмірін сақтап қалу, сондықтан біз ол баланы не үшін алдырғылары келетінін білеміз. Себебі, көбі ата-анасына айта алмайтындықтарынан, кейбірі өзінің жас 

екендіктерін айтады, кейбірінде тіпті тұратын жері жоқ болғандықтан да алғызғылары келетінін айтады. Жастардың көбі ата-аналарына ашып айта алмайтықтарын айтып психологиялық көмек сұрайды. Баланың әкесімен сөйлсіп, оған түсіндіруімізді сұрайды.

Біз өзімізге хабарласқан жастарға баланың даму сатысын түсіндіреміз, жасанды түсіктен кейін болатын қиындықты жеткізуге тырысамыз. Себебі, жасанды түсік жасатқан қыздардың 90 % екінші рет бала көтере алмайды, тіпті бала көтергенімен де баланың дұрыс көтере алмайды, себебі жасанды түсік дұрыс жасалмайтын жағдайлар көп кездеседі және түсік жасау әйелдің психологиясына да көп әсер етеді. Жылдар бойы сізді "қалай ғана өз баламды өлтірдім?" деген сұрақ мазалайды әрі қандай дін болмасын жасанды түсікті адам өлтірумен тең санайды

Өзіңіз ойлаңызшы, баланың  1- аптасында жынысы, көзінің түсі, шашының түсі белгілі болады. 3- аптада баланың жүрегі соға бастайды, 7- аптада баланың ми қыртыстары дами бастайды, 8- апта да барлық дене мүшелері дамып, бойы 2 см ге жетеді, ал 12 - аптада бала жұдырығын түйетін жағдайға жетеді. Бойы 5 см болады. Осы уақыттан бастап бала айналасында болып жатқан жағдайды бағамдай біледі, өмірін қиюға қарсылық көрсетеді. Оның жан қиналысы анасының психологиясы мен бүкіл болашағына әсер етеді. Жасанды түсік жасатқан ананың психикалық ауруға шалдығуы, күйзеліске түсуі көптеп кездеседі. Ендеше, ішіндегі өсіп жатқан өмірді қалай өз қолыңмен қиып тастауға болады? 

Ал бұл қиындықтан шығудың жолы бар ма?

Әрине, бар. Алдымен баланы тек тұрмысқа шыққаннан кейін босануды жоспарлау керек. Бала толық жанұяда өмірге келіп, өзіне тиеселі барлық мүмкіндікке ие болуы керек.

      Бұлай болмаған жағдайда сіздің қиындығыңызды шешуге мынандай орталықтар көмекке келе алады:

  1. Жоспарланбаған жүктілік орталығы, тел: 8 (727) 328 13 88 
  2. Ана үйі (Дом мамы), Қазақстанның 7 қаласында орталықтары бар.
  3. Шығармашыл белсенді әйелдер лигасы (Лига женщин творческой инициативы) 
  4. Феминистер лигасы
  5. Ана мен баланы қорғау орталығы
  6. Қазақстандық Юнисеф фонды
  7. Өзіңіз тұратын ауыл, аудан, қала орталығындағы кез-келген орталықтан, әкімдіктен көмек сұрай аласыз. 

Өмір қиын, онымен күресудің сан мыңдаған жолы бар, бірақ өзіңнің өміріңді қию мен өмір есігін ашып үлгермеген сәбидің өмірін қию ол шешім емес.

Пы.Сы. Барлық орталықтарға хабарласып, олардан жасырын түрде болсын ашық түрде болсын көмек алуға болатынына көзім жетті. Иа, телефонның ар жағында отырған адамдар сізді танымаса да, сізді білмесе де сізге көмек көрсетуге дайын жандар.

Блогтағы салынған суреттердің авторы Аңсаған Мұстафа