«АЯЛАҒАН АСТАНА» Батырхан Шүкенов пен Алмас Кішкенбаевтің туған өлкесінде іріктеу өткізді.

«АЯЛАҒАН АСТАНА» Батырхан Шүкенов пен Алмас Кішкенбаевтің туған өлкесінде іріктеу өткізді.
жеке
блог

      «Аялаған Астана» шығармашылық тобын қызылордалықтар үлкен дайындықпен қарсы алды. Таңертеңнен бастап, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің алдында үлкен кезек тұрды.

      Алғашқы үміткерлердің көрсеткен өнерінен-ақ, Сыр өңірі тума таланттарға тұнып тұрғанын көруге болады.


     Мерекенің басты қонағы – жұлдызды тәлімгер, Қызылорданың тумасы Алмас Кішкенбаев. Өнер адамының алдында ән салып, ақыл-кеңесін тыңдап, бірге суретке түсу жерлестер үшін үлкен қуаныш еді.

     Кезекті өнерпаздың керемет орындалған әнінен кейін, Алмас жас жеткіншектің ұстазының кезінде өзі тәлім алған  өнердегі жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі - Қаракөз Ақдәулетова екені белгілі болды.