«Аялаған Астана» байқауының Тараз қаласындағы іріктеуі балалар мерекесіне айналды...
жеке
блог
блог
Жергілікті өнерпаздарды тыңдауға, осы жердің тумасы, танымал әнші, «101» тобының әншісі Иван Бреусов пен бірге әнші Гүлнұр Оразымбетова келді. Жиналған болашақ жұлдыздар өз өнерлерін барынша көрсетуге тырысты. Тек ән салып қана қоймай, танымал қазақ тіліндегі әндер, италиялық арияларды орындап, тіпті, қара жорға билеуге де барды. Ең қызығы, киелі Тараз өңіріне барған шығармашылық топты тек кішкентай қатысушылар мен ата-аналары ғана емес, жергілікті цирк әртістері де қарсы алды. Балалар сахнада өздерін еркін ұстаулары үшін, Тараз қаласы әкімдігі бір топ клоундарды шақырыпты.
Жетекшілер:
Гүлнұр Оразымбетова
Иван Бреусов