1.1.1 теориясы: Мен неге түнде ұйықтамаймын?

Ұйқы – адамның қажеттілігі. Медцина түсінігімен келген кезде аз ұйқы, шала ұйқы адамның денсаулығына зиян. Бірақ ең мықты адамдар мен ақындар, данышпандар аз ұйықтап, көп ойланып, көп жұмыс жасағанын білесіз бе? 

Мен түнде ұйықтамасам, сіз секілді кино немесе сериал қарамайтын болармын. Мен түнімен ұйықтамасам түнгі клуб кезіп, жеңіл ойынның жетегінде жүрмеуім мүмкін. Бұл кезеңдер осыдан бірнеше сағаттар, секундтар бұрын ғана болған қазір жоқ. Неге екенін білесіз бе? 

Адамды өзгерту үшін 1 минуттық ролик немесе 5 секнуд ішінде миына келген ойымен арпалысуы жеткілікті. Бұл ғылым тілінде «МОТИВАЦИЯ» деп аталады. Бірақ қазір мотивация көп, нәтиже жоқ. Неге? Себебі сөздің киесі мен мәнін түсіне алмаймыз. Біз сөзді абстракты түрде қараймыз. Ал шындығында нағыз абстрактілердің не екенін айтайын. Ол адам бойында болатын барлық эмоциянальды қасиеттер, психологиялық гипнозға түсіретін, адамды сау күйінде ауру қылатын түсініктер. 

Сіз мұңайып жүрсіз, бірақ бір күні қуанасыз. Ендеше бұл уақытша келіп кеткен сәттік сағым. Дәл осы жағдай керісінше де қайталанады. Басқа жағынан келіп көрелік, сіз қуаныш, бақыт деген бір күні келетін үмітті күннің жемісі деп түсінесіз. Иә дұрыс. Ол үміт, ол сенім. Бірақ ол келеді және кетеді. Ол сіздің қолыңызда тұрмайды. Себебі сіз әлі абстракция гипнозының ішінде жүрсіз. Ал оны ісе асыру үшін оны объективті түрде ойлау керек. Ойлап қана қою аздық еді, жазыңыз, жоспарлаңыз, істеңіз. 

Ой – ми қыртысында пайда болатын механика емес. Ол жаратқан берген сый. Ал бұл сыйдың мехнизм ретінде көрсетуші ми. Қалай? Сіз көз алдыңызда жоқ дүниені ойлайсыз. Ол сол ой ретінде санада қалса, арман болып қала береді. Арман деген түсінікті ұмыту керек. Адам армандау керек, бірақ армандаған дүниеге қол жеткізу үшін мақсат керек. Сол мақсат сіздің басыңызға келген ойды қағазға түсіруге мәжбүрлейді. Миға келген ойдың көлемі өте үлкен әрі сіз оны жасай алмайтындай болып көріндіңіз. Енді сол ойды алып А4 форматындағы қағазға суретін салып не сөзбен жазып көріңіз, қазір ғана мүмкін емес, қолымнан келмейді деп тұрған алып ойыңыз, бағасы 2 теңге тұратын, мыжсаңыз қолыңызда жоқ болып кететін, А4 дейтін форматтағы бір жапырақ қағаздың ішінде тұр. Бұл сіз ендігі ойыңызды басқаруға қадам жасадыңыз деген сөз. Ал сызба түскеннен кейін, сұлбасы көрінгеннен кейін оған үңілу керек, оған жан-жақты қарау керек. Бәлкім сағаттар мен күндер кетер, бірақ ойланудан және сол өзіңіз салған суретке қараудан шаршамаңыз. Себебі қаңқасы пайда болған дүниенің жүзеге аспауы – ақымақтық. 

Енді ұйқыға оралайық. Уақытында ұйықтап, уақытында тұру керемет дүние. Бірақ керемет қасиетті бойыңызға сіңіре отырып нәтиже көрсете алмасаңыз ненің құрметіне ұйықтап жүрсіз? 

Түн мен күн антоним. Екеуі симетриялы ұғым. Яғни қақ ортасынан бөлінген уақыт белдеуі секілді түсінік. Бірақ түнде неге идея көп келіп, адамдар түнімен жұмыс жасауға шабыттанады? Себебі күндіз адам баласы – робот, түнде – еркін. 

Таңертең сағат 9-дан бастап, кешкі сағат 6- ға дейін адамның көретіні бір-ақ түстен тұратын, монатонды өмір құбылыстары. Ол олардан бояу көре алмайды. Себебі ол бояудың түрлілігі оны қоғамнан алыстатып тастауы мүмкін. Шындығында данышпандар, ғалымдар, ең керемет жетістікке жеткен адамдар креативті ойлай алған. Яғни бәріне басқаша көзқарастау қарауды үйренген. Ал түннің ерекшелігін айтайын, түнде адам күндіз көре алмаған түстерін анық әрі қанық көреді. Олармен ойнай алады, оларды сөйлете алады. Ал күндіз керек түстер сізде болмайды. Ақ түске ақ түсті жағып көріңіз, не көресіз? Ақ түс. Ал түнде ақ түсті пайдаланып көріңіз... 

Ал түнде ұйықтау керек деп түйіп, бірақ ешбір нәтижеге қол жеткізбеген адамдар түнде көруі керек болған түстерді көре алмай өткендер. Адам ұйықтаған ұйқысы, жеген тамағы, ішкен асы, жүрген жүрісі үшін жауап бере алуы керек. Ал жауапсыз дүниеге қоғамның қандай жауап берері анық. 

«Стив Джобс» туралы фильмді көрдіңіз бе? Көрмесеңіз көруге кеңес беремін. Сонда мынандай жері бар: « Мен дирижермін. Музыкант тек инструменттермен жұмыс жасайды ал мен музыканттарды басқарамын. Яғни жұмыстың бәрі жасаушы, профессионалдар олар. Тек олар қалай ойлау керектігін, қай жерде қалай нотаны жеткізу керектігін аңғармайды. Ал мен аңғара алдым. Себебі мен дирижермін». Шынымен сіз өз өміріңіздің дирижері болмасаңыз, сізге біреудің дирижер болары анық. 

Түйін. «Арманы жоқ адам, арманы бар адамға жұмыс жасайды». 

                                                                                                                          (с) Марғұлан Ақан



Бөлісу: