Әлем көз тіккен Журабек кім?

Әлем көз тіккен Журабек  кім?
жеке
блог

Өте жас болғанына қарамастан бүгінгі күні  “Чаки чаки борони”, “Араб тангосы”, “Алғашқы махаббатым” әндерін нақышына келтіріп орындаған, бүкіл әлем тыңдармандарының үлкен таңданысына ие болған Журабек Жураев кім өзі?

Өзбекстан елінің Әндіжан топырағында дүние есігін ашқан, ғажайып талант деп тән алынған, ерекше дауыс иесі болған бұл балаға бүгінгі күні Иран, Ауғанстан, Туркия секілді елдер көз тігуде! 

Американың  “Youtube” сайты арқылы ұсынылған әндерімен әлем бойынша ең көп дауыс жинап, рекорд орнатқан «интернет жұлдызы»ның анасы  - Фазилат Туйчиева.

-    Интернет сайтарында жарияланған ұлым орындаған әндер мен клиптерді жинастырып ролик есебінде дайындаған бірнеше мемлекет оның атын иеленуге ұрынуда. Бұл дегеніңіз әділетсіздік қой, мен ұлымды өзбек топырағында дүниеге әкелгенмін, дейді «Даракчи» газетіне берген бір сұқбатында.

  Бүгінгі таңда әлем тән алып, таңғажайып талант деп бағалап жатқан керемет дауыс иесін өзбек елінің осы салаға жауапты өкілдері әлі  тән алып үлгермеген екен, өз елінде қолдау таппаған бұл таланттың да келешекте өзгенің қолына жаутаңдамауына кім кепіл?