Өзбек балгерлері Малайзияның жоғалған ұшағын «тауып» берді!

Өзбек балгерлері Малайзияның жоғалған ұшағын «тауып» берді!
жеке
блог

Баршаңыз білетіндей бір айдан бері із түссіз жоғалған Малайзияның авиакомпаниясына тиісті болған «Боинг-777» ұшағының тағдыры жұмбақ күйі қалуда, мамандардың күн өткен сайын оның жоғалуына байланысты түрлі себептермен пікірлері үсті үстіне пайда болуда. 

Өзбек елінің Uz24 сайты редакциясы осы оқиғаның себебін анықтау мақсатында көп жылдық тәжрибеге ие экстрасенстармен арнайы сұқбат -кездесу ұйымдастырды.

Балгер Гулноза Шомахмудоваға бұл қасиет әжесінен дарыған екен. Ол жоғалған заттарды табу және келешекті болжау бойынша өз ісінің ұстасы. Оған келушілер көпшілікті құрайды, жорамалдарының басым бөлігі ақиқатқа өте жақын келеді екен. Гулноза ханым өз бойындағы қасиетін 19 жасында байқаған.

Балгер балына қарап қарап оқиғаны сипаттау уақытында оқиғаның басынан соңына дейінгі желісін көре бастайды.

«Боинг - 777» тағдыры туралы Гулнозаның болжамы: «Өте, өте көп құм, шөл болуы керек... Шағын арал. Ұшақ бас бөлігімен жерге құлаған. Қазіргі уақытта ол жерде тірі кісі қалмаған. Бұл жер... Қытай, Үндістан және Тайланд елдерінің арасында, құмды арал. Ұшақтың тек қана қалдықтары қалған. Апат себебі теракт емес, ұшақтың техник ақаулары себепті орын алған», деген пікірді жазады Uz24.

Гулнозаның болжаған балы қаншалықты ақиқатқа жақын екендігін тек қана «Боинг - 777» лайнері қалдықтары табылған соң ғана білетін боламыз. Дегенмен де, негізгі іздеу жұмыстары бүгінде Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне қаратылған.

Ресейдің НТВ телеканалының арнайы жобасы «Битва экстрасенсов» телешоуының қатынасушысы, өзбек елінің атақты экстрасенсі Аброр Усмановтың болжамы: «Мен ұшақтың суға құлағанын да, әуеде жарылып кеткендігін де көре алмадым, ол анық ұрланған. Құмдарменен қапталған елді көріп отырмын, айнала қаптаған үнгірлер. Ұшақты жасырып қойған секілді, мен бұл жерді Үндістан деп ойлаймын немесе Пәкістан мен Иранға жақынырақ жер. Ол жерге жақын ортада халық жасамайды. Сырттай қарағанда бұл жер тастанды авиабазаға ұқсайды. Базадағы ангарлардың біріне лайнер, тағы біріне ұшақ жолаушылары жасырылған. Қазірше қылмыскерлердің соңғы мақсаты не екендігі анық емес» - деп жазады Uz24.

 

P.S: Атам қазақтан қалған сөз бар: «Балгерге сенбе, балсыз жүрме». Ислам дінінде де балгерлік, бал ашу Аллаға серік қосу яғни ширк саналады, десек те, екі көріпкелдің де болжамы бір біріне қарама қайшы болса да, апат орны Үндістанның шөлді аймағы (арал) екендігі айтып өтілген. Үнді мұхитын ұнғылап, ақ тер, көк тер болған іздеушілер, сәті келіп ұшақты үнді суынан емес, құмынан тауып жатса өзбек балгерлерінің абыройы бір асқақтап қалары анық.