Мен массагеттіктерге позитив бола алмаймын...
жеке
блог

Мен массагеттіктерге позитив бола алмаймын...

 Массагет. Саған келгенде, сол адамның маған кім екенін білмеп едім. Отырып, отырып, "естелік" болып қалған, сол бір күнгі оқиғаны жазып едім ғой. Кейін, оны сағынғанымды, оған көңілімді білдіргенімді де, саған айтып едім. Рахмет саған. Мұндағы адамдар,  "жақсы адамдар". Жақсы адамдар, жақсы көруді біледі. Саған көңілді, тәрбиелік мәні бар, астарлы ойы бар тамаша жазбалар бере алмағаныма "ренжіме". Қыйналғанда, түңілгенде, ренжігенде САҒАН жазам. Екеуміздің құпиямыз көп.

Сенсіз, сені ойламай енді, енді үйреніп келе жатсам, неге, қайтадан алдымнан шықтың. Сөз басында,  "мен де Сағындым" деп алып, артынша , тайытқып кеттің. Мен саған, айтарлықтай талаптар қоймаймын. Мен сенің өміріңнен, жүрегіңнен орын сұрамаймын. "Сағындым" деп, мойныңа асылмаймын. "Қайда болдың?" деп, есеп те сұрамаймын. /екеуміздің/ кейде үнсіз отырып, кездесетін жеріміз болсыншы."АНУАР, Я НЕ МОГУ". Осылай дедің ғой. Мені қаламайтыныңды біліп тұрып,  "НЕГЕ?" деп сұрадым/мен ақымақ/. "МЕНІҢ ДОСЫМ БАР, МАХАББАТ КЕРЕК ЕМЕС". Ал ендеше?! Не дейін енді саған. СЫЙМАДЫҚ қой мына әлемге.