Наурыз

Наурыз
жеке
блог

Наурыз

Үміттің кеудемде бар бір ұшқыны,

Құтты болсын атқан таң, ұлыс күні! 

Шаттық пен ұлы күнді тойла бүгін,

Халқыма құшақ жайды ырыс күні.


Наурыз келді құт келді халқыма тың,

Мерей шалқып ырысы артылатын.

Шақырамын еңбек пен берекеге,

Қуанышпен қарсы алып таңды жарқын.

 

Кел наурыз, келе берші ерке көктем,

Мейіріндей ананың еркелеткен.

Жаршысы деп жаңа жыл жақсылықтың

Ұлыс күні қазақта ертеде өткен.

 

Той жасап байтақ елге база құрған,

Ырыстың құт кетпеген қазанынан .

Көжедей көп тілегін елге шашқан,

Айналайын ақ еділ қазағымнан!

 

Наурыз күні халқыма өріс еркін,

Көп тілегін көжедей бөлісетін.

Кірген жылға баянды бақыт тілеп,

Қазақ атам әр үйден көже ішетін.

 

Жинадым наурыз күні бойға дарын,

Көбесі сөгілгендей ойларымның.

Шашайын өлеңімді шашу етіп,

Халқыма қайран қазақ тойға бүгін.