Қазақстанда "Қара комедия" жанрындағы алғашқы бейнебаян жарыққа шықты

Қазақстанда "Қара комедия" жанрындағы алғашқы бейнебаян жарыққа шықты
жеке
блог

Қайырлы таң, достар!

Сіздермен тағы да бір қуанышты жаңалығымызбен бөліскіміз келіп отыр. 

Күні кеше ғана "ST brothers" этно-джаз дуэті мен Меруерт Мүсірәлі бірігіп түсірген музыкалық бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаян Қазақстанда алғаш рет "қорқынышты комедия" жанрында түсірілді. Басты жеткізер ойы - "Музыка - кез-келген жанда түрлі сезімдер оятатын құдыретті күш". Мысалы, осы бейнебаянымызда ДОСТЫҚ сезімі музыка арқылы ЗОМБИҒА да ұялайды. 

Бейнебаян "Достар" әніне түсірілді. Ән сөздерінің авторы - Нұрмолдаев Тоқтасын, әуенінің авторы - Нұрмолдаев Серік. Әнді көркемдеген Нұрқасымов Болатбек. Ән МОДЕРН ЭТНО-ДЖАЗ бағытында жазылған.

Бейнебаяндағы зомбилардың рөлдерін сомдаған: "Қазына" вокалдық ансамблі, Бекмұханбетов Б.