Мекен-жайсыз хат... 2
жеке
блог

Мекен-жайсыз хат... 2

     Сәлеметсіз бе, менің жүрегімнің иесі! Халіңіз қалай? Жақсы ма? Керемет шығар... менсіз... Көңіл-күйіңіз де көтеріңкі болар...Шабыттана өлең жазып жүрмісіз? Өлеңдеріңізді сағындым... Мен бе? Мен де... жақсымын... Ойымдағы біраз дүниелер ақырындап болса да орындалып жатыр, шүкір... Болашағым жайлы қорықпай жоспарлар құрып қойдым... Сізсіз... 

     Негізі... мен сізді ұмытқанмын. Мүлдем ойламаймын сіз жайлы. Тек әр кезде әдемі әуен естігенде осылай ойыма оралатыныңыз болмаса... "Неге есіңе аласың?" дейсіз бе? Еріксіз... 

     Білесіз бе, соңғы уақытта мен мейірімсіздеу болып кеттім, бұрынғыдай сәл нәрсеге жылай салмаймын, жүрегім елжіреп ешкімді сағынбаймын, жақсы көрмеймін. Өзімді тасжүрек болып кеттім бе деп қорқып жүрмін... Тіпті қолыма қалам алып, ақ парақпен де сырласпайтын болыппын... Соңғы рет қоңыр күнделігімді қолыма қашан алғаным да белгісіз... Ұмытыппын... Сөйтіп бір сәт жүрегіммен оңаша қалайын деп едім... жоқ екен... Сіз алып кеткенсіз, есіңізде ме? Қайтаруды ұмытып кетіпсіз ғой... Жүрексіз өмір сүру қандай қиын еді... Қайтарыңызшы, өтінемін.

     Бұл хатты оқығанда сіз ойламаңыз, мені әлі де сізді сүйеді екен деп. Олай емес. Мен сізді ұмытқанмын. Сізбен бірге жақсы көру, ғашық болу, сүю деген тәтті сезімдерді де ұмыттым... Ендігі өмірімде керек емес. Қайтем оны? Бір ғана жүректі сүйіп, сонымен ғана мәңгі бірге боламын деген ұстанымымды жоғалтып алған соң. Ендігі өмірімде керек емес. Өз ұстанымынан айнып кететін, "тұрақсыз" мені қайтсін махаббатқа адал жігіттер? Оларға қолынан жігіт ұстамаған періштедей пәк қыздар лайықты... Ал мен...

     Жо-жоқ, сіз мүлде олай ойламаңыз. Мен өмірден түңілгем жоқ. Түңілмеймін де! Себебі мен өмірге құштар жанмын! Менің де бір бақытым күтіп тұрғанын білемін. Сенемін! Сенімім ешқашан алдамайтынына да сенемін! 

     Айтпақшы, кеше құрбым біздің жатақхананың алдынан сізді көріпті... Біздің университеттің аруымен қол ұстасып, өтіп кетіпсіз...