Гүл жайнаған "массагеттік" арулар!

Жас жігіттің жүрегін жылытатын хас сұлулар мейрамы құтты болсын!

"Массагеттер" аруы арман болған,
Ғасырлардың қойнауы сырға толған,
Сақ қыздары сендерді кім сағынбас?
Ажарымен, ақылмен болған қорған... 

 

Замананың толқыны толқытады,

Нар жігітті арлы ару зор тұтады. 

Сыңғыр күлкі сыйлаған сақ аруы

Күмбір-күмбір қуаныш шалқытады.

 

Мейірімге шүпілдеп толған мейрам, 

Жақсылықты жаһандық жанға жиған.

Қыз-келіншек - қызғалдақ құлпыратын

Жүрегіне жұмақ-жер түгел сыйған.

 

Қазағымның қыздары - қаракөзім,

Жүрегімде сақталды дара сезім,

Жанарынан жадау жан жылынатын

Аруларды ардақтар келді кезім...

Арман ӘУБӘКІР



Бөлісу: