Жақсы адам

Жақсы адам
жеке
блог

    Сәлем. Адамның күні адаммен демекші өмір жолыңда неше түрлі адам кездеседі. Бірі алдап, ренжітіп, жаныңды қинаса, енді  бірі жаныңа демеу болып, қуаныш пен қайғыда жаныңнан табыла біледі. Осыдан 3 жыл бұрын өмірдің қатты соққысына ұшырадым. Өмірден түңіліп, мен үшін өмірдің мәні қалмап еді.Адамдарға ренжіп,сенімім азайған еді. Алла маған біркүні осы адамды жолықтырды. Сырымды айтып,сырласқан күннен бері жанымда ол. ОЛ маған СЕНІМ мен ҮМІТТІҢ шырағын жаға білді. Көзімді жақсы нәрселерге ашты. Өмірдің жақсы жақтарын көре білуді үйретті. Сырласымда,жан досымда, мұңдасымда - сол АДАМ. Жанымда жүргеніне 2 жыл болды.Кейде ашумен қатты айтып ренжіте беремін оны. Сонда да түсініп. кемшілігімді түзетіп, кешіре білді мені. Осындай жақсы адам жолықтырған аллаға рахметім шексіз.

   Мен кейде өзіме сыймай, ашуланып, өзім ренжимін, біреуді ренжітіп үлгерем. Осы мінезімнен қалай арылсам болады

   Айтайын дегенім жандарыңызда сізді түсініп, сіз үшін бәріне дайын адам болса оның жақсылығына алғыс айтып, бағалай біліңіз. Сіз үшін жақсы адам қандай