Офистегі көктем немесе офиста қамалғандар...
жеке
блог

Офистегі көктем немесе офиста қамалғандар...

Білем, сіз де мен сияқты офиста қамалған жансыз ғой... Олай емес деп көріңізші, көрдіңіз бе олай дей алмайсыз... Елдер "көктем" деп жатыр, "күн жылыды" дейді ал сіз оның бәрін сол айтқан кісілердің сөзінен ғана аңғарасыз... Сізде таңғы 9-да кіргеннен кешкі 7-де бірақ шығасыз, елдер туфли киіп жүргесін сіз де туфлиға көштіңіз... Әйтпесе, кешкі суықта ыңғайлысы сол күзді етік еді ғой иә?..

Солай елдер айтқан көктемді сіз терезеден көресіз, үнсіз комптың бетіне әдемі сурет қоясыз...

Себебі табиғатыңыз іштей сізге маза бермей жатыр ғой. Қызылды-жасылды, ағарған киінген қыздарға қарап сізде көктемге, жазға дайындалғыңыз келеді ғой...

Жарайды, оның бәрін есепке алмаған кезде сізге көктем екенін сізге офиста не есіңізге түсіреді? Әрине қыздарға келген гүлдер, сізге өз әсемдігін паш еткендей иа....

Мына терезеге қарап Алматының түнергенін көріп өзіңіздің бұлқан-талқан болып жылайтын сәтіңіз елестей ме, иә, иә солай ғой, қараңызшы булығып әрең тұрсыз... Бір сәтте байқаусыз да көзіңізден жас шығып кетті. Жан-жағыңызға жалт қарадыңыз «ешкім көрмеді ме?» жо-жоқ қорықпаңыз, ол Алматының жаңбыры ғой жауа бастаған....


Мына Маршал сізге таныс па? Бәлкім таныс емес болар, бірақ бұл бізге музыка сыйлап жұмыстан бір сәтке ойыңызды арылтып іштегі көктемнің әсерін шығаруға көмектесетін әннің жеткізушісі ғой... Иә, иә ана бір ән 2011 дың 1- наурызына апарып тастады иа, ол сізге сонда сезімін білдіріп еді ғой... Әттең, ол күндер қазір сағыныш... Аааа, білдім, көктемді сіз сол үшін күтесіз ғой... Ол орала ма деп... Әттең, сол көктем еді ғой алыстатқан да...


«Өтінем, мұңаймаңызшы»,- кім бұны айтқан? Ааа, сендерсіңдер ме қолдан жасап алған торғайларым... Шын торғайларды шақыру үшін Костя сендерді қиып беріп еді ақ парақтан....


Айтпақшы, сен көктем келген қайдан білгеніңді білесің ба? Иа, мына қасыңдағы жерді дырылдатып біреулер тесе бастағанда ойлап ең ғой «еее, күн жылыды елдер қыбырлай бастады»деп, міне, ол жерді де қазып терең қылып тастапты, көресің әлі-ақ ол үй сені күннен көлеңкелейді сені, мұздаған сәтіңде ренжіп отырасың...


«Мәссаған, шөптер өсе бастапты, қараңдаршы» деп Аня айғайлаған кезде сізде терезе алдына жүгіріп бардыңыз ғой, терезеде өсті ма деген ой келді... Жоқ жердегі футбол алаңындай жап-жасылды көргенде қуандыңыз, сол шөпте бала күніңізде алаңдамай жата беретініңіз есіңізге түсті, қазір ойыңызға кене келді. Денеңіз тітіркеген күйде орныңызға отырдыңыз, ол жерде көз алдыңызға жайнаған қызғалдақтар мен сарғалдақтар елестей кетті «әдемісін-ай, нәзігін-ай»...

көрші офисқа көзіңіз түсті... Ол жерде де сіз сияқты көктемді толықтай сезіне алмаған бір жан бар шығар...


Сағат 19 00 асықпай жинала бастадыңыз, «бүгін күн-жұма, ертең қайда барсам екен?» сенбі екеніне қатты қуандыңыз білем, әмияныңызды тастап кете бардыңыз.... 

Ал мені дала да...

күтіп қараңғылық тұр, оның қойнауына енем де жоқ болам... Өзім қалайтындай ешкім мені байқамайды... 

Ал ертең,... 

Әдемі болып жауған жаңбырға үйдің терезесінен сығалаймын... Солай көктемді келесі аптаға шейін, өзім жақсы көретін бәйшешектерім шықанша терезеден сізбе бірге бақылаймын.... 

Мойындаңызшы, сізде көктемді осылай қарсы алып жүрсіз ғой иа?