Қарт Каспийді ары асып...

Қарт Каспийді ары асып...
жеке
блог

Әз Наурыз қарсаңында Қарт Каспийді ары асып Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласына барып қайттым. Сапарымның әуелгі мақсаты Әзірбайжан достарыммен қауышу, көне қала қызықтарын тамашалау, кезекті еңбек демалысын ойдағыдай өткізу болатын. Ал бұл қалаға табан тіреудегі басты себеп Әзірбайжан елінің Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қалай тойлайтындығын өз көзіммен көріп қайту еді.

Саяхатым ойдағыдай өтті. Әзірбайжан халқының тыныс-тіршілігін, салт-мәдениетін өз көзіммен көріп қайттым. Бұл халық өте патриот халық. Тәй-тәй басқан балақайынан бастап, сары тісті қартына дейін патриот. Рухы мықты халық. Бар халық өз ана тілінде сөйлейді. Қала көшелерінде бір орысша жазылған жазуды көрмейсіз. Өз ана тілінде жазылған әндерді тыңдайды. БАҚ барлығы тек әзірбайжан тілінде ақпарат таратады. Әр отбасы өз салтын ұстанады. Өз мәдениетін жоғары көтереді. Жігіттері өз ұлтының қыздарына үйленеді, қыздары да өз ұлтының жігіттерінің етектерін ұстайды.

Әзірбайжан достарыммен Мажарстанда танысқан едім. Айгюн абла мен Самир бей әуежайдан бізді күтіп алып, табанымызды жерге тигізбей Бакуді көрсетті. Ал біз түскен үйдің иелері Рано абла мен Бехмен бей Бізді қонақ етіп, Әзірбайжан елінің бар болмысымен таныстырды. Олардың әрқайсысы туралы кейінірек айта жатармын.

Бұл елдің мәдениеті өте жоғары. Жастары біздің елдің жастары секілді Б, Н, Ш деген әріптерден басталатын боқауыз сөздерді қолданбай-ақ таза өз тілінде ғана сөйлейді. Қоқыс жәшіктері аз болса да қала көшелері мен алаңдары тап-таза.

Бір аптаға созылған Бакудегі күндерім көзді ашып-жұмғанша өтті де кетті. Каспий теңізінің жағалауында бой көтерген көркем қалада өткен күндерім туралы толығырақ алдағы күндері айтармын (қазір видео блог жасау үстіндемін). Ал әзірге сапарымда түсірілген суреттермен бөлісе отырайын.


Бұл қалада бала күнгі арманым орындалды. Мен Каспий теңізін көруді армандайтынмын

"Бриллиантовая рука" фильмі түсірілген мекен. Атақты "Черт побери"

Біраз суреттерім INSTAGRAM -дағы парақшамда @gazizauzak