«Апа, Алдар көсе мультфильмі неге көрсетілмей кетті?»

«Апа, Алдар көсе мультфильмі неге көрсетілмей кетті?»
жеке
блог

                                        «Апа, Алдар көсе мультфильмі неге көрсетілмей кетті?»

     Көптен бері мың ойланып, толғанып, ақыры осы бір мультфильм төңірегінде ой қозғауды жөн санап, сіздерге осы жазбаны ұсынбақшымын. Мінеки, мен де алғашқы жазбамды ақ қағаз бетіне жазып отырған жайым бар.

     Әйтеуір бір күні, (сенбіде болу керек...) біздің үйде той болып, ат терлетіп, ағылып қонақтар келе бастады. Үйде кіріп-шығып кішкентай балалар, іні-жиендерім шуласып, ойнап жүр. Бар ойым, «қонақтардың мазасын алмасыншы!» - деп әуремін. «О, алақай, Алдар көсе! – деп әп сәтте қуанған іні-жиендерім, теледидарда көрсетіліп тұрған мультфильмге ерекше ықыласпен мойын бұрды. Бағанағы у-шумен ойнап жүрген тентегіміз, екі езуі екі құлағына жетіп, сілтідей тынды. «Алдар көсе» мультфильмі аяқталысымен жиендерім бұрынғы әуенге қайта көшті. Мен болсам, жынынан айырылған бақсыдай абдырап қалдым. Қабағым кірбің тартып, ит терісін басыма қаптатып қайтем?! Кенеттен қызықты ойындар ойыма түсе кетті, міне, ойнатып, көңілім жайланды.

     Иә, «Алдар көсе» көп сериалды анимациялық көптеген балалардың сүйіп көретін мультфильмі еді. Соңғы кездері жиенім: «Апа, Алдар көсе мультфильмі неге көрсетілмей кетті?» - деген сұрақ қоймасы бар ма?! Әнеукүнгі бір депутаттың: «Алдар көсе балаға сөз жұқпас алаяқтыққа (мошенничество) тәрбиелейді, үйретеді» - деген сөзі еске түсті. Басқа мультфильмді көруге сіркесі су көтермейтін біз секілділер үшін Алдар көсені көрсетуді шектеу - не десе де төбеден жай түскендей болды.

 

 

 

                                                                                                                        Өтегенова Әйгерім Жаналықызы