Парламентте ұсынылған жобада кириллицадағы 42 әріп-таңбаның 35-ін (а, б, ц, д, у, ф, г, х, һ, и, ш, й, к, л, м, н, о, п, қ, р, с, т, ұ, в, у, ы, з, ә, ө, ү, ж, ғ, ч, ш, ң) алып отыр. Соның 23-і бір дыбысқа бір әріп принципінде (а, б, ц, д, у, ф, г, х, һ, и, ш, й, к, л, м, н, о, п, қ, р, с, т, ұ, в, у, ы, з), 8-і бір дыбысты қос таңба (диграфтар: Ә-ае, Ө-ое, Ү-ue, Ж-zh, Ч-ch, Ш-sh, Ң-ng ) негізінде және 1 әріппен 2 дыбысты таңбалауда 2 әріп (Іі – І,И; Hh–Х,Һ) берілген. Зерделеп қарасам, бұл жобаның кемшін тұстары жеткілікті. Аталмыш жоба көпшілік тілші ғалымдардың сараптамасынан өтіп, жасалып жатқан ұсыныстар мен кемшіліктерді ескеріп, жан-жақты қарастырылуы қажет. Сонымен 2017 жылдың 11-ші қыркүйектегі парламентте ұсынылған жаңа қазақ әліпбиінің латын негізіндегі жобасына қатысты негізгі ұсыныстарым мынадай:
1.Ә,Ө,Ү әріптерін ӘЕ, ОЕ UE деп таңбалап беруге болмайды.
Дәлел: Қосалқы таңба ретінде берілген Е таңбасы - алфавиттің қатарында өзалдына жеке Е дауысты дыбыс деп алынған. Мұғалім алғаш әліппе ашып отырған балаға А дыбысының таңбасы А әріпі деп жазғызып, оны дыбыстап айтқызып, жаттатып әбден үйретеді. Келесі Е дыбысын да Е әріпі деп жазғызып, оны дыбыстап айтқызып, жаттатып үйретеді. Содан кейін Ә дыбысына келгенде А мен Е (АЕ) әріптері қосылып Ә әріпі болады дейді. Одан кейін О мен Е әріптері қосылып Ө деп үйретеді. Сол сияқты Ү әріпін өткенде де қайталайды. Міне осы жерде біраз қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Жалпы таңбаларды тіркестіріп беруге болады, бірақ мұндай жағдайда емес. Қосалқы ретінде беретін әріп-таңба әліпбидің қатарында болмау керек және ол әріп дауысты дыбыстардан болмаған дұрыс. Одан басқа орыс тілі сабағын кириллицамен оқытқан кезде, ол тілде де А әріпі пен Е әріпін қазақ тіліндегідей оқитын болады. Аталмыш әріптер ағылшын тілінде де бар, оларды үйреткенде қалай болмақ? Міне осындай мәселелер ескерілмегендіктен, 5-6 жастағы бүлдіршіндерге қабылдау өте қиындау болады. М: дүдәмәл – duedaemael, әзәзіл – aezaezil, күнәһәр – kuenaehаеr, көзәйнек – koezaejnek, кәусәр- kaewsaer,жәннәт - zhaennaet,күз - kuez т.б.
2.Ң дыбысын NG таңбасымен беруге болмайды.
Дәлел: Ерінге мен еріңе (eringe), шешенге мен шешеңе (sheshenge), кешенге мен кешеңе (keshenge), өренге мен өреңе (oerenge), Есенге мен есеңе т.б. осы сияқты көптеген сөздер бір формада жазылатындықтан мағыналарын ажырата алмайсың.
3. И, І дыбыстарына ортақ Іі әріпін берген. Үйретуде бұл да қиындықтар тудырады.
Дәлел: Біріншіден Ермін сөзі мен Ермин сияқты атаулардың жазылуы да бір (Ermin) формада болып келеді. Cол сияқты киін - kiin, тиін - tiin, иіні - iini т.б. сөздерді қазақ тілінің табиғатына сәйкес жазбайтын болсақ, онда оларды ажырату қиынға соғады.
4.Ц дыбысын С әріпімен берген. Егер бұл әріпті алатын болсақ, онда Я, Ю, Ё, Х, Щ, Э дыбыстарын да алған жөн.
Дәлел: Орыс тілі арқылы тілімізге енген әртүрлі саладағы жалпы терминдерде, еніп жатқан және енетін халықаралық терминдерде Ц әріпі тәрізді Я, Ю, Ё, Х, Щ, Э әріптері де кеңінен қолданылады. Сонымен қатар Ц дыбысы көбіне Я дыбысымен бірге келіп отырады. М: конститутция, инновация, аллитерация, транскрипция т.б. Сол сияқты юрист, юпитер, ЮНЕСКО, ядро, яфет, якут, химия, биология, хирург, этнос, электрик, ЭКСПО т.б. медицина, биология, химия, экономика тағы басқа техникалық салаларда аударылмай қолданылатын осындай халықаралық терминдер жеткілікті. Сондықтан осы жақтарын да толыққанды қарастыруымыз қажет.
5.Х және Һ дыбыстарына ортақ Hh таңбасын бергені дұрыс емес. Керсінше Х әріпімен Һ,Х дыбыстарын беруіміз керек.
Дәлел: Қазақ тіліне Һ дыбысы араб тілі арқылы еніп, бас-аяғы 10 шақты сөздерде ғана жазылады, бірақ табиғи дыбысы айтылмайды. Оның дыбысын Х әріпі береді. М: гауһар – гаухар, жиһангер – жихангер, қаһарман – қахарман т.б. Екіншіден, Х әріпі пернетақтада болғанымен пайдаланбай бос қалған. Х әріпінің орнына Һ әріпін алған тиімді және дұрыс емес. Һ дыбысына қарағанда Х дыбысымен келетін сөздер анағұрлым көп және оның тілімізде қалыптасып қалған дыбысы өзалдына ерекше. М: хан, ханым, ханшайым, халық, халайық, халықаралық, хрестоматия, хабар, хат, хадис, хазірет, химия, хируруг, харакат, хакас, хамиттер, хинди, хоккей, хорваттар, т.б. Бұл сөздердің кейбірін Қ дыбысымен ыңғайлап айтуға болатын шығар, әйтседе тілімізде қалыптасып қалған Х дыбысын сақтап қалғанымыз орынды деп білемін. Бұны айтып отырған себебім, Қ,Х,Һ дыбыстарын тек Қ әріпімен (Q) берсек болады деген пікірдің де дұрыс еместігін алға тартып отырмын. Сондықтан бұл дыбыстың ерекшелігін ескере отырып, Х мен Һ дыбыстарын бір дыбыс ретінде алып, Х әріпімен берсек болады деген ұсынысым бар.
6. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар қатар келмейді деген табиғи заңдылығымыз бар. Ол, әсіресе буын мен тасымалға тікелей қатысты. Ұсынылған жобада осы жағы ескерілмеген. Сөздерді буынға бөлгенде тіліміздің заң-ережесіне мүлде қайшы келеді. Яғни, кез-келген буын түрлерінің (ашық, тұйық, бітеу) қайсында болмасын, бір буында бір дауысты дыбыс болу керек деген ережеміз сақталмай отыр.
Дәлел: Мысалы дү-дә-мәл сөзі 3 буыннан тұрады. Ал ұсынған латын жобада (дұе-дае-маел - due-dae-mael) ережеміз бұзылып, бір буында 2 дауысты дыбыс қатар келеді де, қиындықтар тудырады. Сондықтан мүлде АЕ, ОЕ, UE деп мүлде беруге болмайды.
7.Сөздерді тасымалдағанда да тіліміздің заң-ережесіне қарама-қайшы келеді. Жол бойында жазып келе жатқан сөзіміз сыймай қалған жағдайда, дауысты дыбыстан аяқталып, келесі жолға дауыссыз дыбыстан тасымалдаймыз деген ережеге сәйкес келмейді. Ұсынылған жобада 2 дауысты дыбыс тіркестіріліп бір дыбысты беретін болса, сөздерді тасымалдауда заң-ереже бұзылып, небір қиындықтар тудырады.
Дәлел: Көзәйнек деген сөзді тасымалдап көрелік. ko-ezaejnek, koeza-ejnek т.б.
8.Бас әріп пен қысқарған атауларды жазуда да мәселелер туындап отыр. Тіліміздің заңы бойынша бір дыбысқа берілген әріп сөйлемнің басында келсе бас әріптен басталып, қалғандары кіші әріппен жазылады деген ереже бар. Сонымен қатар кісі аттары мен басқа да әртүрлі атаулар сөйлемнің кез-келген жерінде бас әріппен жазылуы керек. Ұсынылған жобада ол жағы назарға алынбаған.
Дәлел: Әбіш деген атауды қалай жазамыз? АEbish деп пе әлде Aebish деп пе? Әбілмәнсүр деген атауды қалай жазамыз? AEbilmaensuer деп пе әлде Aebilmaensuer деп пе?
Сол сияқты қысқарған атауларды жазарда қиындықтар кездеседі.
АЕК – «Айлық есеп көрсеткіш» деген қысқарған сөз ұсынған жоба бойынша ӘК деп оқылады да мағынасы қандай болмақ. АЕЛ – «Араб елдері лигасы» деген қысқарған сөз ӘЛ болып оқылады да шатасатын боламыз. Ал ӘӘК – «Әскери әуе күштері» деген қысқарған сөзді AEAEK деп жазсақ дұрыс бола ма? Мұндай мысалдар өте көп.
9.Ұсынылған жоба қазақ тілінің орфография мен орфоэпия заңдылықтарының негізінде жіті зерттелмеген болып отыр. Дыбыстардың үндесім, айтылым, тіркесім, жазылым деген мәселелері ұштасқан түрде қарастырылмаған. Жалпы сөздерді жазуда мәдениеттілік пен сауаттылық ескерілмеген.
Дәлел: Нәби, сәби, әже, көже, жаңғыру т.б. біршама атауларды жазып оқысақ жеткілікті. Ғаламтор арқылы осы негіздес сөздерді қарапайым халық мысалға келтіріп, парламентте ұсынған жобаға түбегейлі қарсы екендіктерін жазып жатыр.
10.Егер де парламентке ұсынылған жобаны өзгертпей, қабылдаған жағдайда Қазақстанда қазақ тілінде оқитын оқушылар саны күрт төмендеп, кириллицамен оқитын оқушылар саны өте ұлғаятын болады. Бұл өте қауіпті, мұндайға жол бермеуіміз керек. Ел бірлігін сақтайтын, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтататын латын әліпбиіне көшуге қарсы емеспін, ол үшін қабылданатын жаңа қазақ әліпбиінің латын графикасы негізіндегі жобаны жеті рет өлшеп, бір рет кесуіміз керек.
Қорыта айтқанда, барша ел жаһандануға бет бұрған кезде латын графикасына көшу, біріншіден еліміздің алға қарай дамуындағы басты қадамы, екіншіден жер шарының жартысынан астамы латын әріпінде жазады, яғни ғаламтор арқылы ақпараттану көзі кеңейеді, электрондық ақпарат кеңістігіне кең қанат жаяды. Сонымен Елбасының халыққа жолдау жоспары бойынша «2025 жылы латын әріпінің негізіндегі жаңа қазақ әліпбиіне көшкеніміз дұрыс болар» дегені – көрсеткен мерзімнен бұрын іске асып жатса құптарлық іс. Сөз соңында тағы айтарым, менікі ойға ой қосу мақсатындағы жеке өз пікірім және ұсынған жобам – келешек кемел жазуымызға пайдасы тиіп жатса болғаны.
Латын қаріпіне негізделген жаңа қазақ әліпби жобам
https://massaget.kz/blogs/23098/
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
https://massaget.kz/blogs/23084/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
https://massaget.kz/blogs/23083/ #Latyn
Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті.
https://massaget.kz/blogs/23074/ #Latyn
Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері
https://massaget.kz/blogs/23070/
Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек
https://massaget.kz/profile/82947
Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.
https://massaget.kz/blogs/23036/
Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым
https://massaget.kz/blogs/23035/
Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!
https://massaget.kz/blogs/23008/
Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/
https://vk.com/doc239758952_450677576
Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
https://massaget.kz/blogs/23000/
Кейбір пікірталастардан үзінді
https://massaget.kz/blogs/22995/
Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
https://massaget.kz/blogs/22992/
Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады
https://massaget.kz/blogs/22993/
Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
https://massaget.kz/blogs/baykau/22962/
Ертегілер
Мақта қыз бен мысық,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22963/
Бір үзім нан,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22964/
Алтын сақа,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22967/
Тазша бала
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/