11 миллионыншы қазақ дүниеге келді

11 миллионыншы қазақ дүниеге келді! Аллаға шүкір! Облысымызда келіп жатқанын естіп тағы қуанып отырмыз. Ел ағалары оны елеусіз қалдырмай жөн-жоралғысын жасап, бағалы сыйлық жасап жатыр. Ендігі кезек 12 миллионыншы қазақтың дүниеге келуінде. Кешелі бері фб- да осы тақырып талқылану үстінде. Әрине, "мың өліп, мың тірілген қазақпыз", біздер бұл үлкен қуаныш. "Қазақ" деп тақырыпты бастасақ, әңгіменің ұшы-қиырына жете алмауымыз анық. Біз, сан жағынан аз-ақ халықпыз. Жер көлемі мен халықтың орналасу тығыздығы бойынша өте төмен көрсеткіштеміз. Аллаға шүкір тәуелсіз таңымыз атып, күніміз батып жатыр. Әлемдік қауымдастық алдында "Қазақпын" мақтана жар салып жатыр. Оған күні кешегі бокстан бүкіл "әлемдік бокс қауымдастығы" версиясы бойынша командалық сынақта бас жүлдені еншілеп, бір серпілтіп тастады. Жеңіске әрбір қазақ боксшысының барын салғанын көгілдір экран арқылы көріп отырдық. Міне, нағыз қазақ жігіті деп, қуана құттықтадық.   

Бүгінгі күнімізге шүкірлік ете отырып, біз алдағы уақыттарда биік белестерге талпынуымызды тоқтатпауымыз керек. Қазаққа қазір "ұлттық идея" керек. Жастарға стимул керек. Демографиялық ахуалымыз оңалып келе жатыр, оған шүкір. Бірақ ізге демографиялық жарылыс керек. 11 милионыншы қазаққа қандай құрмет жасалса, келесі миллионыншы ізбасарға одан да үлкен марапат жатпасына кім кепіл.  12 миллионыншы қазақтың баласының ата-анасы болуға асығайық!



Бөлісу: