11-13 жасар қызға не сыйлауға болады?

11-13 жасар қызға не сыйлауға болады?
жеке
блог

Армысыздар! Тақырыптың атауын оқып, түсінген боларсыз. Мен өзім де 13 жастағы 8-сынып оқитын қызбын. Алда жаңа жыл мейрамы, бəлкім мүмкін біреудің туған күні жақындап келе жатыр. 

Осы жастағы қыздарға не ұнайды?

- Егер қызыңыз, аспаз секілді, тағам дайындауды ұнатса, оған My Bottle суға арналған бөтелкесі көмектеседі. Оған тек су ғана емес, сонымен қатар коктейльдер, смузилер жасап құюға болады. Ол бөтелкені сабаққа апаруға ыңғайлы. Бірақ ланчбокстер де артық емес! Əртүрлі тоқаштарды салып апаруға.

- Кез-келген затты суретке түсіруді ұнатса, жəне қызыңызда инстаграмға немесе тағы басқа желілерге сурет жүктегенге құмар болса, оған FujiFilm Instax Mini көмекке келеді. Бұл полароидті фотоаппарат арқылы арманын орындайсыз.

- Кей қыздар k-pop жанрына жақын шығар?! Мысалы - мен. Ал ондайларға сүйікті топтың альбомін сыйласа, ең күшті сыйлық болады. Немесе корейский стильдегі киімдер(коллекция). Дөңгелек жұқа көзілдірік одан əрі сұлуландыра түседі!

Бұл мақала көмектессе, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!