1+1

1+1
жеке
блог

Адамның күні адаммен. Бойыңдағы сенім басқа адамдарға деген көзқарасыңды өзгертеді. Жақында мен бір кино көрдім дегенмен ол 2012 жылы жарыққа шыққан  болсада оның аты  «1+1 неприкасаемые».  Бұл кинодан менің түсінгенім бір адамның кемшілігі екінші адаммен жабылып бір-бірін толықтырып тұрады.Тағдырың салған тепкіні қандай жағдай болмасын көтересің, немесе көтермей қайда барасың. Тағдыр адамды таңдамайды, адам тағдырын таңдайды. Өмірдің шындығын көбіміз бос қиалмен өткіземіз, өмір шындығы бұл сенің өзгелердің пікірімен санасу. Саған жақын адамның бір ауыз сөзі, сені биік дәрежеге жеткізбесе де сені бір марқайтып қояды. Сабырлық пен жүрегіңнің пәктігі сенің бар болмысыңды ашады. Тағдырыңа уәж айтпай тек ғана ала жүріп отыр керек деген ой түйдім.