Біз қандаймыз?
жеке
блог

Біз қандаймыз?

Соңғы кездері «жылтыңдап» жиі жазып кеттім ғой дим)) Жақтырсаңыздар да, жақтырмасаңыздар да тағы келдім.

Көктемгі алғашқы кезексөзді бастап, әрі алғашқы кезекті маған бергені үшін Айконаға алғыс білдіремін! Ал баршаңызға сәттілік! Кезексөздің кезегі тие берсін деп тілеймін!

Ал ендеше бастайық.

1.Мен қыс пен аязды, жаңбыр мен нөсерді, қара суықты, аямай соққан желді, ашық айтқанды, көңілді жүргенді, ұйықтағанды, театрды, ужас киноларды, адреналин алатын демалыс орындарын, кітап жинағанды, саяхатқа шыққанды, романтиканы, сайттарды ақтарып, бір-бірімен салыстыруды, бір нәрсені шұқылап зерттегенді, кішкентай балалармен ойнағанды, үлкен адамдармен шәй ішіп отырып әңгімесін тыңдағанды, сұйық тамақты, шулы ортаны, табиғатқа шыққанды, қалжыңды, биді, балмұздақты, сосын... сосыыыыын... фейсбуктағы «ұнайдыны» басып тұрып «ұнамайдыны» басуды ҰНАТАМЫН!

2.Ал енді... Сөздің басын бастап, аяғын айтпауды, күткенді және кешіккенді (өзім күткен адам 5-7 мин кешіксе кете берем), көңіліне алып қалады деп айтпай қала салуды, біреудің ісін біреуге тапсырғанды, кекеткенді, біреуден өзін жоғары санауды, көреалмаушылықты, итпен серуендегенді, адам мен адамды салыстырғанды, заттарыма рұқсатсыз тиіскенді және алғанды, мантабарканы жуғанды, ренжіп тұрып ренжіген жоқпын деп айтуды, қара лак жағуды, жалғыз тамақтану мен жалғыз серуендегенді ҰНАТПАЙМЫН!

P.S. Негізі айтатын нәрсе көп еді. Ұнататын нәрсе мен ұнатпайтын нәрсе де көп еді. Дәл қазір ойыма келгені осы болды. Кезекті Мөлдір Үмбетжанға беремін.