Сезім бе, әлде махаббат па?

Сезім бе, әлде махаббат па?
жеке
блог

Арада бір аптадан аса уақыт болып қалды. Кездеспеген бір бейнеге қош сау бол деп, алаңсыз жүрген кезім болатын. Тулаған ыстық сезім тағы да өзгеге оянып сала берді. Мен оны алаңсыз өмірімде екі мәрте көрдім. Кейде осы қыздар айтып отырады: Мен оны өзім сындырып алғанмын,-деп. Өзімді сырттай бақылауға алсам, менде ондай жоқ екен. Ұнатқан адамыма түк болмағандай қарап жүре береді екенмін. Қызық, осы күні өзіме таң қалатын болғаным ба? Қазақта қызға көп тыйым жасаған, ол әрине орынды. Бірақ менің орнымда болған өзге қазақ қыздары не істер екен? Қане, сіздер осындай жағдайға тап болсаңыздар не амал қарастырар едіңіздер?

Ұтымды жауап айтқан адамға тосын сыйым бар!)))

 

Жадыра Мұсабайдан