Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары

Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары
жеке
блог

Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары

Тікелей пошталық жарнамалардың әртүрлі формат мен көптеген дизайндары бар. Алайда өзіңіздің ұсыныстарыңызға, индустрияңызға және бюджетіне сәйкес дұрыс шешім қабылдау маңызды. Астыңғы жақта солардың арасынан кеңінен таралған бірнеше форматтарды ұсынамыз:

1. Хат орамадағы жарнама. Ең танымал формат кәдімгі хат орамада келеді. Жалпы айтқанда, “package” хаттан, тапсырыс картасы немесе формасынанн, брошюра, және сыртқы конверттен тұрады. Кейде “lift note” арасына қосылады. “Lift note” қарапайым сөзбен айтқанда, кішігірім жеке басқа арналып жазылған естелік записка (бәлкім 15 x 20 см), тіпті қолмен жазылғандай болып көрінуі мүмкін.

Кейбір сатушылар конвертті жасанды түрде “ресми” қылдыруға тырысады. Соған кейде “Тексерілген адрес”, “Құптау нөмірі” сияқты сөздерді қолданады. Немесе олар “Экспресс Хат Сервисі”, “Асығыс”, және “Жоғарғы приоритетті хабарлама” сияқты сөздермен жасанды асығыс тудырады. Сондай-ақ, сатушылар аталмыш жолдармен көрініп қалуға немесе көңілді аудартуға тырысады.

2. Self-mailer. Self-mailerлер универсалды, оларды бірнеше жолмен қолдануға болды. Олар кәдімгі журнал тәрізді жіберіледі. Self-mailerлердің көптеген түрлері болады, бірақ үш ерекшесі:

Slim Jim. Осы формат размерлері 15 x 25 см-ден 20 x 56 см-ге дейін бола береді. Элеганттілік жағынан бой бермейді. Әйгілі каталогтардың кейбіреулері Slim Jim форматын кең қолдануда.

Magalog. Размерін жуықтағанда 20 x 28 см. Бұл формат түсі әртүрлі, бостау, және де рас журналға ұқсайды, бірақ олай емес. Шынында, бұл жарнама хаты. Көбінесе денсаулық сақтауға көмекетесетін қосымша дәрмектер сатуда және нәрлі тағамтануда қолданылады.

Digest. Буклетке ұқсайды, оқырман дайджесті тәрізді. Размерлері көбінесе 15 x 23 см болып келеді. Адамдардың көзіне тартымды, қолда ұстауға да жағымды. Сондықтан оқырмандардың материалды көзбен қарап шығуға қызығушылығы артады.   

3. Ашық хат, открытка. Жалпы, ең арзан тікелей хат форматы открытка болса керек. Егер сыртындағы хат орамасы болмаса, открыткалар хат орамадағы жарнамаға ұқсайды. Пайдалысы: артық ашу процедурасыз тұтынушыларыңыз бірден басты сауда мүмкіндіктерін байқай алады.

4. CD mailer. Аты өзінен-ақ айтып тұрғандай, ерекшелігі упаковкаға салынатын CD дискте. Осы форматта қысқа хат немесе “lift note” болуы қажет, сондай-ақ жеке басқа арналуы маңызды. Алайда осында ұсыныстарыңызды тікелей енгізуге болмайды, әйтпесе CD дисктің тыңдау қажеті жоғалып, ең қуатты қаруыңыз сыртта қалуы мүмкін.

CD mailer арқылы пәрменді хабарлама жеткізуге болады. Сіз тек қана көзқарастарыңызды бөліп қана қоймай, сондай-ақ тұтынушылар дауысыңызды естіп, арнайы тауар/ұсыныс жөнінде сіздің энтузиазмдарыңызды тыңдауы мүмкін. Артынан хабарласуға жеңіл болу үшін телефон нөміріңізді әлде вебсайт адресін CD-ге қалдыру жөн.

5. Dimensional mail (габаритная почта). Егер сіз шынымен көптеген хаттар арасынан көзге түскіңіз келсе, dimensional mail сіз үшін үздік таңдау болушы еді. Кейде медициналық профессионалдар немесе бизнес орталықтағы жоғарғы лауазымдыларға  тікелей хат жіберілгенде қиыншылықтар туа бастайды. Оның себебі, хаттарды қарастыратын олардың көмекші сақшылары. Осындай кезде, басқа хаттардан ерекшелену үшін dimensional mail, сұранысқа ие.

Дәстүрлі тіке хаттарға қарағанда dimensional mailдың ашылу жиілігі едәуір көбірек. Упаковка ішіндегі “бірдеңе” хат алушының қызығушылын тудырып, соны ашуға әкеледі.

6. Shock-and-awe package. Осы маркетинг тәсілі бұрын сізден тауар немесе сервис жөнінде ақпарат сұрастырған адамдарға көзделген. Сондықтан бұл мұқият ойластырылатын орама (упаковка). Мақсаты – жіберілетін орамадағы материалдар, күтпеген тәттілер арқылы тұтынушылардың сіз туралы алдын-ала ойлайтын болжалдарынан артып түсу, қызығушылықтарын көбейту, қарым-қатынастағы адалдық құру.

Осындай орамаларда әсер қалдыру үшін мүмкіндігінше көптеген тауарлар болуы керек.  Сондай-ақ , орамада не болса да, ішінде атыңыз және логоңыз болуы тиіс. Сіздің мақсатыңыз – тұтынушы орамаға салынған күнтізбеңізді әрбір қолданысы сайын, әлде материалдарды әрбір қарастырған сайын компанияңыз туралы ойлауы қажет.

Аталмыш орамалар, бәрін қоса алғанда, қымбат болуы мүмкін. Бірақ, осылар маркетингке арналған ақшаңызды жұмсаудың ең үздік жолдардың бірі болып табылады.

 

Қосылу:

Twitter

Facebook

Оригинал:

Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары